11
Қантар

Санат жоқ 11.01.2013

«Ақ жол» партиясы банктердегі кәсiпкерлердің және қатардағы азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарға қарсы әрекет жасау үшiн банктiк заемның үлгілік шартын заңнамалық негізде бекiтуді ұсынады

11 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы банктердегі кәсiпкерлердің және қатардағы азаматтардың құқықтарын  бұзушылықтарға қарсы әрекет жасау үшiн, банктiк заемның үлгілік шартын заңнамалық негізде бекiтуді ұсынады  - бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық партиясы төрағасы Азат Перуашев партияның орталық кеңсесінде Қаржыгерлер қауымдастығының басшылығының, екiншi деңгейдегi банктердiң өкiлдерi және кәсiпкерлердің қатысуымен болған дөңгелек үстелде мәлiмдедi. Екiншi деңгейдегi банктердің жұмыстарын жақсарту туралы жоспарланатын қадамдардың тұсаукесерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің атынан төраға орынбасары Данияр Ақышев сөз сөйледi.
«Бүгінгі таңда заем алушы несие алу кезiнде банк шарттарына ықпал етуге мүлдем мүмкiндiгі жоқ, сондықтан банктің шарттарын қабылдауға мәжбүр. Бiрақ одан әрі даулы жағдайлар пайда болған кезде, барлық нормативтiк база және шарттар кез келген жағдайда қай жағынан алсаңызда банктің дұрыстығын  дәлелдейді. Бiздің ойымызша, мемлекеттiк банк тараптардың тең құқықтылығын қамтамасыз етуден оқшау қалып отыр және кәсiпкерлер мен азаматтарды жай ғана банкпен бірге-бір қалдырып отыр» - деп ойындағысын айтты «Ақ жол» көшбасшысы.
Заемшыларға кейбір ЕДБ-нің «айуандық»  қатынасы және екiншi деңгейдегi банктердің мұндай қадамдарын шектеу бойынша Ұлттық банктің «сенімсіз» әрекеттері атап өтілді, бұл қөзқарасты бизнес қауымдастығының басқа өкiлдердi де қолдады.
Кездесуге қатысқан кәсiпкерлер, банктермен заемалушылардың даулы жағдайларда келiссөздері,  әдеттегідей коллекторлық компаниялармен кепiлдiктердi алып қоюға және қорқытып алушылыққа апартынын атап өтті.
Азат Перуашев банктердегі сыбайлас жемқорлық және кәсiпкерлер құқығын бұзушылықтар туралы тақырыпқа өзінің («Панорама» газетi және «Сандж» агенттiгiнiң зерттеу мәліметтері бойынша)  депутаттық сауалын еске салды және Ұлттық банктiң, бұл мемлекеттiк орган жағдайға батыл ықпал етуге кабілетсіз екенін көрсететін жауабын оқыды. «Бірақ, Ұлттық Банк қадағалау органы болып табылмайды ма және екiншi деңгейдегi банкттердің іс-әрекетін реттеуге мiндеттi емес пе?» - деп кейiдi депутат.
Осыған байланысты, Азат Перуашев банктiк келiсiм шарт тараптарының тең құқықтығын қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын дайындау туралы Данияр Ақышевтың ұсынысын қолдады. ҚДП төрағасы қазіргі теңсіздік жағдайларын болдырмауға қатысты, банктiк заемның үлгілік шартын заңнамалық бекітуді ұсынды.
А.Перуашевтiң пiкiрiнше, бұдан басқа,  осы құжатта бұндай  талаптардың терiс пайдаланылуы өндiрiс кәсіпорындарын iс жүзiнде кедейлендіретін болғандықтан, банк несие бойынша қарыздардың мерзiмiнен бұрын өтелуiн талап ете алатын  негiздердiң нақты тiзiмiн көрсету керек.
Одан кейін, қазақстандық демократтардың жетекшiсі үлгілік шартта банктермен есептептелген айыппұлдарды және негiзгi қарыздың сомасына өсімпұлды шектеуге шақырды.
«Заем алушылар негiзгi қарызын және оған есептелген пайыздарды өндiруге қабілетті,  бірақ ЕДБ айыппұлдар және өсімпұлды бойынша «есептеуiштер» қосады, әрі барлық түсетiн қаражаттар жай ғана көшiрiлiп жазылады да, қарыз көлемі азаймайды, ал кәсiпкер немесе азамат жасанды түрде төлеу қабілетсіздігінің жоқтығына дейiн жеткізіледі деген мысалдар бар» - деп түсiндiрді Азат Перуашев.
«Қарыздарды төлеу керек, бұл несие берудiң бiрiншi ережесi – деп есептейді «Ақ жолда», - бірақ бұл ережеден нақты мүмкін емес өлшемдерге дейiн қарызды шексiз және бақылаусыз «өсіріп айту» бойынша құрал iстеуге болмайды».
«Бұл кәсiпкерлерге ғана қатысты емес, тiптi жұмысы және тұрақты табысы болған жағдайдың өзінде банктер кепiлдiк несиелерi бар адамдарды көшеге лақтырып тастай отырып, жасанды түрде мүсәпір қылады», - деп ескертті депутат.
Осыған байланысты Ұлттық Банктің төрағасының орынбасары Данияр Ақышевтен, үмiтсiз несиелер бойынша қарыздардың сомаларынан қаншасын қарыздардың негiзгi сомаларының үлесі құрайтынын білгісі келді, ал  – есептелген айыппұл және өсімпұл? – сонымен бірге: «бүгiнгі таңда қоса есептелген сомалар қарыздың өзінен де көп болатыны жиі кездеседі, бұл әрі жасанды өсіріп айтылған сомалар. Бұндай қарыздар негізінде жоқ» деп қосты Азат Перуашев.
Ақышев мырза бұл сұраққа жауап беруге дайын болмай шықты, бiрақ Ұлттық Банк тиiстi мәлiметтерді банктердiң өздерiнен сұрай алатынын хабарлады. Алайда, бұл ниеті қатысушылардың сенімсіз қөзқарасын туғызды,  себебі ЕДБ заемды күмәнді және үмітсіз санатына ауыстыру кезінде, - «негізгі қарыз» - заем сомасы және пайыздар да, сондай-ақ есептелген айыппұл және өсімпұл да барлық есептелген сомасына жиі «айырбасталады», осылайша  әлденеше рет керексiз үлкейтіледі.
Дағдарыс кезеңінде Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, субсидия және тікелей қаржылай құюлар, үмiтсiз қарыздар бойынша провизиямен салықтан босатуды қоса алғанда, банктердi қолдауы бойынша ел болып көрмеген шараларға барды деп «Ақ жол» көшбасшысы еске салды.
«Атамекен» басқармасының төрағасы болып тұрғанда, сондай-ақ Парламент депутаты ретінде де, біздің қаржы жүйесiнің мүдделерiне қандай ұсыныстарды кiргiздiм. Алайда, банктер өз кезегiнде заемшыларға көмектескілері келмейді; шамасы олар, кезінде оларға өздерi үшiн көмектестi деп санайды.
Бiрақ, бұл қолдаудың мағынасы банктерге жұмыс iстеу және олардың менеджерлерiн байыту да емес, ал жалпы өндiрiсті және экономиканы дамытуда деп ойлаймын, - деп атап көрсетті Азат Перуашев.
Сонымен бiрге ол: «Үлгілік шарт керек, егер өндiрiстік кәсіпорындарға және азаматтар үшiн болмашы мерзiм өткiзулер бойынша  айыппұлдар және өсімпұлдарды есептемеу үшін банктерге қосымша рұқсаттар керек болса – келіңіздер заңнамаларға осындай түзетулерді дайындайық, әрі Ұлттық Банкпен бірге кіргізетін боламыз» - деп ұсыныс жасады.
Сонымен қатар, егер Ұлттық Банк өзi үшiн мұндай түзетулердi қолдауды қажет деп есептемесе – «Ақ жол» ҚДП депутаттары оларды дайындап және өз алдына енгiзуге дайын екендерін білдірді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды және өзінің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.