11
Наурыз

«Ақ жолдың» туы Шымбұлақтың биігінде желбіреді

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының сайлауалды штабының ұйымдастыруымен үгіт-насихат шаралары аясында «Салауатты өмір салты» - атты  акциясы өтті.



«Шымбұлақ»  тау шаңғы шипажайында өткен акцияға «Ақ жол» партиясынан  Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Нұрлан Жазылбеков пен  Д. Васильев және партияның белсенділері қатысты.



Қос үміткер Шымбұлақтың биігінен шаңғымен сырғанап, партияның туын көкке желбіретті. Оған «Ақ жолдың» алматылық белсенділері қосылды.



Сонымен, қала тұрғындарын салауатты өмірге шақырған бастама бой көтерді. «Ақжолдықтар» бұл бастаманың жалғасын табарына, келесі жылы оған қатысушылардың бүгінгіден де көп болатындығына сенімді.