Бүгін «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының белсенділері Ардагерлер Кеңесі мен зейнеткерлердің басын қосып, олардың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді ортаға салды. Олардың сауалдарына «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Д.Васильев пен Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ф.Константинов жауап берді.
Аға ұрпақты толғандырған мәселелер әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері тарифтері, қаланы көгалдандыру және абаттандыру жайлы болды.