07
Желтоқсан

«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдау өткізді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі. 2016 жыл. 7 желтоқсан.

6 желтоқсанда  «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Д.Васильев және филиал Кеңесінің мүшелері партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтардың жеке өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

          Қабылдауда «Металлург» бау – бақшамен айналысу серіктестігі» тұтынушы кооперативінің басқармасынан 22 адамның өтініші қаралды. Олардың атынан келген белсенділер өз өтініштерінде жер телімін заңды түрде тіркеу мәселесі қозғады. Ол өтініштер қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға сауал жолдау туралы шешім қабылданды.

«Genesis verae» психотехникалық орталығының өкілі Жанар Даненова аталмыш мекеменің медициналық бағдарламасын қолдау туралы өтінішімен келді. Қоғамдық қабылдауда материалдық көмек көрсетуден бастап әлеуметтік мәселелер көтерілді. Арызданып келген әрбір азаматқа барлық қажетті түсініктемелер мен кеңестер берілді. Партияға бүгін түскен арыздар жеке бақылауға алынып, арыз бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын болады.