29
Қантар

«Ақ жол»: Президент белгілеп берген ҮИИДБ мақсатты көрсеткіштеріне жету туралы Парламент алдында жыл сайын есептер беруді тәжірибеге енгізу қажет

29 қаңтар  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Президент белгілеп берген ҮИИДБ иақсатты көрсеткіштеріне жету туралы Парламент алдында жыл сайын есептер беруді тәжірибеге енгізу қажет – бұл туралы Азат Перуашев бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.

Әнгіме Мемлекет басшысымен Үкімет алдына қойған нақты тапсырмаларды орындау және ҮИИД бағдарламасын іске асыру туралы, олардың орындалуы бойынша оның жұмысының тиімділігін бағалау туралы  болып отыр.

«Мемлекет басшысы 2009 жылы 15 мамырда «Нұр Отан» партиясының съезінде индустриялық инновациялық Бағдарламасын бірінші рет жариялап, онда жаңа индустриаландырудың бірінші бесжылдығын бастауға рұқсат беріп, ол өзінің есептеуін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастағаны белгілі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке 2016-2019 жылдарға үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың Екінші бесжылдығының жобасын әзірлеу бойынша тағы да көптеген тапсырмалар берді. Президентпен барлық бағыттар бойынша тиісті кезеңде, оларды орындауда критерийлері болып табылатын нақты көрсеткіштер белгіленді. Үкімет алдына қойылған тапсырмаларды шешуге қаншалықты қолжеткізді – жалпы жұртшылыққа  онша түсінікті болмай отыр», - деп атап өтті А.Перуашев және  мерзімдері бойынша орындалу уақыты жеткен тапсырмалар туралы еске салды.

2015 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде, экспорттың жалпы көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін  8 пайызға дейін жеткізу тапсырылған.  Ең жақын арада (яғни 2012-2013 жылдарға) агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құнын кемінде 16 пайызға арттыру, 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құру.

2015 жылға қарай құрылыс индустриясына, құрылыс материалдар нарығының қажеттерінің  80 пайызынан астамын ішкі өндірістің есебінен қанағаттандыру міндеті қойылған. Жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға өсірілуі тиіс болатын.

Мұнай өңдеу саласында 2014 жылға қарай (яғни, бүгінгі күнге) отандық мұнай өңдеуші зауыттар бензин және авиакеросин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен ішкі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру талап етілген. Отын-энергетикасы кешенінде жалпы қосылған құнды кемінде 30 пайызға көтеру мәселесі қойылған.

Металлургияда 2015 жылға қарай  металлургиялық өндіріс көлемін және өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығаруды 2 есеге арттыруды тапсырған, ал жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс.

Фармацевтика саласына 2014 жылға қарай дәрі-дәрмектер құралдарын ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын отандық өндірістің есебінен қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын және т.б. Бірақ, мысалы, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілер Қауымдастығы белгіленген 50 %-ң орнына тек 37 %-ға жеткені туралы, яғни іс жүзінде денсаулық министрлігі атынан уәкілетті органның кінәсінен салалық бағдарламаның орындалмағаны туралы хабарлайды.

2009 жылы Мемлекет басшысымен қойылған жалпы экспорт бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі туралы; құрылыстық материалдардың нарығындағы отандық өндірістің үлес салмағы; металлургияда  экспорт өнімдерін 2 есеге арттыру және басқалар жөніндегі көрсеткіштерге жету белгілі бір күмән туғызады», - деп көрсетіледі сауалда. - БАҚ күн сайын жаңа жобалардың іске қосылғаны туралы, қазақстандық экономиканың маңызды жетістіктері туралы хабарлап отыр, біз бұған қуанамыз. Алайда, ағымдағы жетістіктермен стратегиялық міндеттерді жоғалтып алмағанымыз өте маңызды. Оның үстіне, бөлінген өте қомақты мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі азаматтардың заңды қызығушылықтарын тудырады. Адамдардың бағдарламаның нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ біздің еліміздің оларға қол жеткізгені үшін төлейтін бағасын да білгені маңызды.

Мысал ретінде, жуырдағы БАҚ-дарында пайда болған Қазақстандық индустрияны дамыту институтының (Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің еншілес құрылымы) мәліметтеріне сілтеме жасаған хабарламаны келтірді, онда ерекше серпінді дамып келе жатқан - машина жасау саласында ҮИИДБ шеңберінде бір жұмыс орнын құруға бюджеттен жарты миллион долларға дейін жұмсалған!

«Осындай мәліметтер заңды сұрақтар және күмәндер тудырады. Бір жұмыс орны үшін жарты миллион доллар – бұл салық төлеушілердің көңілінен шығатын баға емес деп айтуға әбден болады. Оның үстіне мұндай баға жеке кәсіпорын иесіне де ұнамас еді, егер ол осындай ақшаны өз қалтасынан шығаратын болса», - деп атап көрсетті депутат.

«Ақ жолдықтар» бұл мәселе маңызды, себебі Үкіметтің өзінде ҮИИДБ-ын іс асыруға шығындардың көлемі бойынша бірегей пікір жоқ. Өткен жылғы 30 мамырда Үкіметтің 2012 жылғы есебі бойынша сөйлеген сөзінде, партия төрағасы Есеп комитетінің 2012 жылы ҮИИДБ шараларын іске асыруға 842 млрд. теңге бөлінгені туралы ресми деректерін келтірді.

Алайда, одан кейін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриаландыру жобаларына  «бар жоғы» 12 млрд. жіберілді деген түсіндірулермен шыққан болатын. Сондықтан, тиімділік мәселесінен басқа, ҮИИДБ іске асыру шығындарды есептеу және жүргізу әдістемесіне де сұрақтар туындайды.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Үкіметтен:

1) 2010-2013 жылдардағы ҮИИДБ-ның жыл сайынғы орындалу барысы туралы, соның ішінде Мемлекет Басшысы белгілеген индикаторлар бойынша ақпарат;

2) Көрсетілген жылдарда, шығындарды индустриаландыру және инфрақұрылым жобаларына бөліп, бағдарламаны орындауға жұмсалған мемлекеттік қаржылар туралы ақпарат;

3)  Көрсетілген жылдарда, ҮИИДБ шеңберінде қаржыландырылған, оның ішінде жобадағы қуатына шықпаған, тоқтап тұрған немесе жұмысын тоқтатқан жобаларды көрсетіп, индустриялық жобалардың тізімін беруді;

4) ҮИИДБ-ның салалық бағдарламалары және нақты жобаларының орындалмағаны үшін Үкімет мүшелерінің және өзге лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат беруді;

5) ҮИИДБ іске асырудың, өндірілген жалпы қосылған құнның көлемін және жаңадан құрылған жұмыс орындарының санын қоса алғанда,  әлеуметтік-экономикалық пайдасы туралы ақпарат беруді сұрайды;

6) ҮИИДБ іске асыру және Мемлекет Басшысының жаңа индустриялық дамыту жөніндегі тікелей тапсырмаларын орындау барысы туралы ҚР Парламентіне жыл сайын арнайы есептер беру тәжірибеге енгізілсін.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыра береді.