12
Наурыз

«Ақ жол» Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық театрын қорғауға көмектесуде

12 наурыз  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық театрын қорғауға  көмектесуде – депутаттар оны жабу туралы қаулысының күшінің жойылуын талап етуде. Бүгін Азамат Әбілдаев Премьер-Министр Серік Ахметовтың атына жолдаған фракцияның тиісінше депутаттық сауалында мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 2000 жылғы 5 шілдеде Астана қаласын одан әрі әлеуметтік-мәдени дамыту мақсатында және аса көрнекті қазақ әншісі Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте қалдыру үшін Президент «Ақ орда» опера және балет театрына Ұлттық опера және балет театры атағын беру туралы Жарлығына қол қойды. Сол жылдың 10 шілдесінде «Ақ орда» опера және балет театры» қазыналық мемлекеттiк кәсіпорнын «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» қазыналық мемлекеттiк кәсіпорны» деп қайта атау туралы қаулы қабылдаған.
            Алайда, 2014 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің нысанына сәйкес келмейді деп, Ұлттық театрды тарату туралы № 43 қаулысын қабылдады. 
«Қабылданған Үкімет қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс туғызды, - делінген сауалда. «Ақ жол» ҚДП-на  аталған қаулыға наразылығын ашық білдіріп отырған Ұлттық театр қызметкерлерінің үндеухаты келіп түсті».
«Үкіметтің бұл қаулысы, елдің мәдени орталығы ретінде Астана қаласын одан әрі әлеуметтік-мәдени дамыту мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 5 шілдедегі «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы» № 416 Жарлығына сәйкес келмейді деп есептейміз, - деді депутат А.Әбілдаев. – Елбасы өзінің Жарлығымен театрға Ұлттық мәртебесін бергеннен кейін, Ұлттық опера және балет театры Қазақстан Республикасы халқының игілігі болып табылатынын белгіледі».
Мүмкін, бұл Астанада Еуропадағы ең озық «Астана опера» жаңа театрының ашылуымен қатысты шығар.
Алайда екі театрдың баға саясаты да салыстырарлықтай емес. Мысалға, жаңа театрдың кейбір қойылымдарына билет бағасы 10-15 мың теңгеден асып түседі, бұған орташа табысы бар азаматтардың (педагогтардың, дәрігерлердің) қолы жете бермейді.
Салыстыратын болсақ – К.Байсейітова атындағы театрдың билет бағасы небәрі 500 теңге немесе 20 есе арзан болған, демек - қазақстандықтардың көпшілігі классикалық музыкаға араласуға мүмкіндік алатын.
Сонымен қатар, «Ақ жол» бұл жағдайда,            аты аңызға айналған опера әншісінің және актрисаның аты ұмыт қалдырылып отыр деп есептейді. Жоғарыда баяндалғанға сай, «Ақ жол» ҚДП депутаттарында заңды сұрақтар туындайды:
            1) Неге, Үкімет, егер осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметінің мақсаты «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмесе, театрды мүлде таратудың орнына, оны өзге заңды тұлға нышанына қайта айналдыру бойынша шаралар қабылдамады?
            2) Бүгінгі күнге қолданыста қалып, күшін жоймаған Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 5 шілдедегі Жарлығын әрі қарай орындау қалай жүзеге асырылады?
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.