27 сәуір2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» БЖЗҚ мен МӘМСҚ есептеліктерін республикалық бюджет шеңберінде бекітуді және қорлардың қаражатын пайдаланғаны үшін жеке материалдық жауапкершілік енгізуді ұсынады. Бұл туралы Екатерина Никитинская Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.
«Елімізде мемлекет атынан құрылған БЖЗҚ мен МӘМСҚ сияқты корлар арқылы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету белең алды. Олардың инвестициялық қызметі Ұлттық банктің сенімгерлік басқару келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады, - деп айтылған сауалда. Алайда, БЖЗҚ үлгісіндегі қалыптасқан тәжірибені талдау олардың активтері «дұрыс» пайдаланылмай отырғанын білдіреді.
БЖЗҚ қаржы есептілігіне арналған ескертуге сәйкес, 2015 жылдың басындағы Қаржы Министрлігі мен Алматы әкімдігі шығарған мемлекеттік құнды қағаздардың портфелі 1,9 трлн теңгені құрады, орташа пайыздық мөлшерлемесі-6,8%. 2015 жылдың соңында мемлекеттік қағаздардың портфелі 2,3 трлн теңгеге дейін өсті, ал орташа пайыздық мөлшерлеме 5,3 % ға түсіп кетті.
2015 жыл бойынша мемлекеттік компаниялар мен холдингтердің құнды қағаздары БЖЗҚ портфелінде 201 млрд.теңгеге өсті. Сонымен бірге мемлекеттік компаниялар мен холдингтердің құнды қағаздардың орташа мөлшерлемесі іс жүзінде өзгерген жоқ және 2015 дағдарыс жылы мемлекеттік компаниялар зейнетақы қаржысын жылдық 6,7 %-дан алып тұрды.
БЖЗҚ сайтының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ақпаратына сәйкес, 2015 жылы салымшылардың шотына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,65%-ды құрады. Алайда, зейнетақы активтері портфелінің қаржылық құралдарының бірде-бірі 10,66%-дан жоғары орташа өлшенген кірістілікке ие болған жоқ.
«Әлбетте, активтердің 15,65 %-ға өсімі алыпсатарлық сипатқа ие, - деп атап өтті Никитинская. Есепке сәйкес, 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерін басқару жөніндегі табыс 761 млрд.тг құрады, олардың ішіндегі 452 млрд.тг – теңгенің құнсыздануы нәтижесіндегі шетел валютасымен операциялар табысы».
Дегенмен, 3,1 млрд.тг көлемінде зейнетақы активтерін басқару комиссиясынан басқа, қор Ұлттық банкіге тағы 16,2 млрд.тг. көлемінде комиссия төледі.
2016 жылғы сарапшылардың деректері бойынша, 8,5 % инфляция кезінде зейнетақы активтерін басқару 7,95 % көлемінде кірісті қамтамасыз етіп, теріс мағына, яғни тікелей шығынды береді. Бірақ басқарушы компанияларға 3,6 млрд. тг көлемінде сыйақы, банк-кастодиандарға 2,2 млрд. тг-ден астам сыйақы төленді. Және тағы да 13,6 млрд.тг БЖЗҚ-ның өзінің әкімшілік шығындарына жұмсалды.
Бұлардың барлығы БЖЗҚ инвестициялық портфелінде «улы активтермен» толықтырылады, бұл ретте, дефолт қағаздары бойынша қарыздар өте баяу қайтарылады, ал проблемалық облигациялар бойынша негізгі соммалар жай ғана «есептен шығарылады». Бұл ретте халықтық қаражаттарды басқару шешімдері қоғамға түсініксіз прициптер бойынша қабылданып, жинақ иелерін өз еңбегімен жинаған қаражаттарына біреулердің соншалықты дарынсыз және жауапсыз иелік ететіні туралы жай ғана фактының алдына қояды.
Ең қауіптісі - Ұлттық банк пен БЖЗҚ басшылығы тарапынан инвестициялық саясатты өзгерту туралы ешқандай мәлімдемелер түспейді.
Бұл тұрғыдан әлеуметтік медициналық сақтандару Қорының қаражатынан да осындай мәселелер күтуге болады.
«Осы қорлардың активтерін бюджеттік тесіктерді «жабуға» қатер барын, сонымен қатар адал емес лауазымды тұлғалардың жеке пайда табуға қолданатыны туралы болжам жасауға болады – деп «Ақ жол» есептейді. – Әлбетте, болып жатырған бүгінгі жағдайлар тек нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге, осындай құрылымдардың қызметіне халықтың сенімін толық жоғалтуға әкеледі.
Осыған орай, фракция депутаттары:
1. Инвестициялық бағдарламаларды заңнамалық түрде бекіту және БЖЗҚ және ӘМСҚ-ның міндетті есептілігін –республикалық бюджетті және Үкіметпен Ұлттық банктің оның орындалуы туралы есебін бекіту аясында арнайы бөліммен енгізуді;
2. Қор және Ұлттық банк басшылықтарының олардың активтерін мақсатты және тиімді пайдалану үшін жеке материалдық жауапкершілігін енгізу;
3. Инвестициялық портфельдің құрылымы туралы ақпаратты және таңдалған құралдардың жоспарлы кірістерін қысқа және орта мерзімді перспективада халыққа қол жетімді форматта ағымдық режимде Қор сайттарында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4. Нақты коммерциялық банктерді іріктеу және қорлардың қаражат көлемін осы банктердің депозиттерінде орналастыру, олардың құнды қағаздарын сатып алу үшін өлшемдерін ашық, түсінікті орнату – қажет деп есептейді.