25
Қыркүйек

«Ақ жол» ұн тарту саласы кәсіпорындарына қолдау көрсетті

 
25 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» ұн тарту саласы кәсіпорындарына қолдау көрсетті-фракцияның тиісті депутаттық сауалын Мәжілістің отырысында Меруерт Қазбекова жолдады.

«Қазақстанның ұн тарту өнеркәсібі–ішкі және сыртқы нарықтарға бірдей бағытталған Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің жалғыз саласы», - делінген сауалда.  
Еске сала кетейік, бір апта  бұрын  аймақтардағы 20 ұн тарту кәсіпорындардың өтініштері бойынша «Ақ жол» партиясында фракция депутаттарының, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстанның астық өндеу және нан пісіру Одағы басшылықтарының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Ақ жол» партиясына хабарласқан кәсіпкерлер өндіріс көлемінің азаюына, оның ішінде астықтың жетіспеушілігіне байланысты алаңдаушылық білдіруде. Олардың айтуы бойынша экспортқа жіберу үшін трейдерлер астықты жаппай сатып алуда. Бұған импорттаушы елдердің өңделген өнімдер: ұн және ұн өнімдері импортына зиянын тигізетін бидай дәнін импорттауды ынталандыру саясаты себепші.
     Мәселен, Өзбекстан өз өндірісін ұлғайта отырып, ұн импортына қарсы қатаң саясат жүргізеді. Дәл осындай жолмен Тәжікстан да жүруде. 
Олар біртіндеп ұнды сатып алуды азайтып, дән импортын ұлғайтуда. Ол үшін әртүрлі қосымша құн салығын белгіледі: астыққа – 18%, дәнге – 10%. Қырғызстанда Қазақстанның дәндеріне салынатын ҚҚС жойылған, сөйтіп олар өздерінің өңдеуші өнеркәсіптерін ынталандырды.
Депутаттар экспорт, тарифтік емес реттеу, тарнзиттік тарифтер мәселелері жақындағы Елбасы Н.Назарбаевтың Өзбекстан мен Тәжікстанға сапарлары барысында айтылғанын атап өтті. Көп жылғы ұзақ келіссөздерден кейін, біздің бидайдың импортына акцизді салықты алып тастау туралы келісімге қол жеткізілді, енді бүгін өзбек компаниялары қазақстандық жеткізуші компаниялармен белсенді жұмыс істеуде.
     «Дән экспортының ұлғаюы және астық экспортының үлесін жоғалту  жоғары қосылған құны бар өңделген өнімдердің экспорттық және ішкі нарықтағы үлесін арттыру деңгейіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар отандық ұн тартушылар үшін дән тапшылығын қалыптастыруға әкеледі. Бұл, өз кезегінде, көптеген дән өңдеу кәсіпорындарының тіршілігіне қауіп төндіреді, ал бұл мыңдаған жұмыс орындары мен бюджетке салынатын миллиардтаған салықтар болып табылады», - деп «Ақжолда» есептейді.
     «Ақ жолдықтар» ұн экспорттаушылардың тағы бір мәселесін айтты–экспорт кезінде ҚҚС қайтару: ұн тартушылар бір жыл бойына бірнеше күн ішінде қайтарылатын ҚКС-ын ала алмай жүр. Оның үстіне, соманың жартысы көптеген тексерістерден кейін «қатып тұр», және барлық контрагенттің тізбегінде. Егер тексеру кезінде үшінші және бесінші деңгейдегі жабдықтаушыларда бұзушылықтар анықталса, ұн экспортаушыларға ҚҚС қайтарудан бас тартады. Ұнды экспорттаушылар үшінші тұлғалардың салық заңнамасын сақтауына жауапты. 
«Парадоксальдық жағдай туындап тұр – бір жағынан, Ел басы қайта өнделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жан-жақты дамытуға бірнеше рет шақырды, және ауылшаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарын күшейтуде, ал іс-жүзінде ұн тартушы кәсіпорындар тек экспортқа қаржылай қолдау көрсету шараларын ала алмайды – керісінше, ҚҚС қайтаруды жүйелі түрде түгел алмайды,  бұл ұн тартушылардың сатып алу қызметін айтарлықтай тежеп және жалпы экспорттық қызметті ынталандыруын төмендетеді», - деп Қазбекова атап өтті.
Осыған орай, «Ақ жол» депутаттары үкіметке келесі ұсыныстармен жүгінді:
1. Сыртқы нарықта да саланы қорғаудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу және өндірушіні қолдаудың жүйелі шараларын дайындау;
2. Ұн тартушы кәсіпорындарға дәнді өткізу үшін өндірушілердің қызығушылығын арттыру үшін мемлекеттік субсидиялау және жеңілдетілген несиелеу тетіктерін  пайдалану;
3. Қаржылық бақылау органдарының тексеру барысында анықталған үшінші тұлғалардың қаржылық бұзушылықтары үшін ұн экспорттаушысына жауапкершілікті қолдану нормаларын жою.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.