Қоғам заңдастыру барысында офшорлық аймақтардан қанша қаражат қайтарылғаны және оның қай бөлігі мәжбүрлі түрде өндіріп алынғаны туралы білуге құқылы. Осы ақпаратты ашып көрсетуді мәжілісмен Азат Перуашев талап етті.
«Ақ жол» фракциясының көшбасшысы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың және Бас прокурор Жақып Асановтың аттарына депутаттық сауал жолдады.
'Қаржыны жария ету және заңдастырудың нақты нәтижелерін қоғам білуге құқығы бар деп есептейміз. Осыған байланысты, біз сізден Қазақстан экономикасына офшорлық аймақтардан заңдастыру рәсімдері барысында қайтарылған, сонымен қатар құқық қорғау және фискальды органдарының іс-әрекеттері нәтижесінде мәжбүрлі түрде нақты қанша қаражат өндіріп алынғаны туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз. Бұдан басқа, Қазақстаннан ақша шығарудың қанша әрекеттері жасалды?' – деп сұрады депутат.
Ол елден заңсыз шығарылған қаражат, әдетте, сыбайлас жемқорлықпен келген ақша екенін атап өтті.
'Мәселен, есептеу комитетінің бір есебінде, мемлекеттік компания Маршалл аралдары арқылы төлем жасап, медициналық жабдықтарды орташа бағасынан 4 есе жоғары сатып алынғаны көрсетілген. Бұл ақшалар біздің экономикамыз үшін жоғалған ақшалар, олар жұмыс орындарын ашпайды, ештеңені қаржыландырылмайды және өнім өндірмейді. Мұндай шығындардың көлемі таң қалдырып, елдің ЖІӨ-нің жылдық көлемімен тең келеді!', - деп мәжілісмен ашуланды.
Ол 2016 жылы Бас прокуратураның соңғы 10 жылда елден 100 миллиард доллар көлемінде қаржы шығарылғандығы туралы мәліметін алға тартты.
'Ал, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, соңғы 10 жыл ішінде елден шетелге тікелей инвестициялардың жалпы ағымы шамамен 113 млрд құрады, олардың 58 миллиард доллары БАҚ-ның есептеулері бойынша офшорларға кетті. Және бұлардың бәрі тек ресми аударылымдар. Ал, көлеңкелі аударылымдардың көлемі туралы біз тек жорамал жасай аламыз', - деді Перуашев.
Деректеме: Lsm.kz