04
Қазан

Халықтық капитализм әсерінің орнына, мемлекеттік меншік басқарушыларға ауысып жатыр – «Ақ жол» фракциясы әлеуметтік нысандар мен ұлттық компаниялардың жекешелендіру барысында еңбек ұжымдарының мүдделерін ескеруді ұсынды

4 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Халықтық капитализм әсерінің орнына, мемлекеттік меншік басқарушыларға ауысып жатыр – «Ақ жол» фракциясы әлеуметтік нысандар мен ұлттық компаниялардың жекешелендіру барысында еңбек ұжымдарының мүдделерін ескеруді ұсынды. Бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырысында  Екатерина Никитинская мәлімдеді.

«Биылғы жолдауда Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделтетуді міндеттеді. Ү.ж. ақпан айында Елбасы жекешелендіру бағдарламасына бірде-бір трансұлттық компания және бірде-бір елеулі инвестор қатыспағаны үшін үкіметтің министрлер кабинетін әділ сынға алды. Президент жекешелендіру мәселесінде жүйелік көзқарасын жоқтығын ерекше атап кетті», - делінген Премьер-министр Сағынтаевтың атына жолданған сауалда. 

Үкіметтің ведомстволық бағынышты ұйымдарды жекешелендірудің қорытындысы бойынша, мемлекет 903 кәсіпорындарды, соның ішінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 68 ірі компанияларын, 168 ұйымдарын, 440 коммуналдық меншік нысандарын, ұлтық холдингтер мен компаниялардың 52 ұйымдарын және т.б. жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ү.ж. шілде айында Қаржы министрі хабарлағандай, жекешелендірудің кешенді жоспары 47%-ға орындалды. Мемлекет басшысының 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруді аяқтау туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Үкімет жергілікті атқарушы органдармен, ұлттық холдингтер мен компаниялармен  бірлесіп жұмыстар жүргізді. Оның нәтижелері бойынша сатудың жаңа кестелері бекітілді. 131 нысанды іске асыру 2019-2020 жылдан 2017-2018 жылдарға ауыстырылды. Қорытындысында, 2017 жылы 488 нысан, ал 2018 жылы -101 нысан сатылады. 

Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 216 активтерін сату көзделген. Қордың 17 ірі компанияларын іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Алайда, олардың сату алдындағы дайындығы 2018 жылы аяқталуы керек.  Оның 7 компаниясын IPO-ға шығару жоспарланып отыр: бұл «ҚТЖ», «Самұрық-Энерго», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз», «Тау-Кен Самұрық» және «Эйр Астана». 
      «Ақ жолда» бұның барлығы жекешелендіру процесінің сапасын арттыру мәселелерін шешпейді деп санайды. Байқаулардың абсолюттік көпшілігінде бар болғаны 1-2 қатысушы. ЖШС-нің үлесін көбінде сатып алу құқығына сол ЖШС-нің қатысушысы немес тікелей сату әдісі жиі қолданылады. Сол ұйымның есебінен кейіннен сатып алумен сенімгерлік басқаруға беру арқылы ақша түсірмей жекешелендіру жиі пайдаланылады. Нәтижесінде жекешелендірудің негізгі мақсаттарына қол жеткізілмей қалады:

- мемлекет жекешелендірілген нысандар үшін нақты қаражат алмайды;

- нысандардың өзі нақты инвестициялар мен даму үшін ресурстар алмайды;

- жекешелендіру мен мүліктік қатынастар процесінде азаматтардың ең көп санын тарту жүргізілмейді, керісінше меншік іс жүзінде қазіргі жетекшілерге ауысуы қоғам арасында әлеуметтік айырмашылықты кемітпей, арттырады.
         Сонымен қатар, Астана экономикалық форумы барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жекешелендіру мәселелерін Чили мен Ұлыбританиядағы жекешелендіру бағдарламаларының авторы, белгілі американдық экономист Артур Лаффермен талқылады, ол «халықтық капитализмді» құру үшін компания үлесінің бір бөлігін еңбек ұжымдарына беруді ұсынды. Бұл сәттер де ескерусіз қалды.

«Осылайша, президенттің негізгі айтқандары орындалмай қалды– жекешелендірудің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етілмеген, 
ірі компанияларды IPO / SPO-ға шығару процесі кешіктірілді, нысанның одан әрі табысты жұмысы жасауына кепілдік беретін стратегиялық шетелдік инвесторларды тарту қамтамасыз етілмеген», - деп атап өтті Екатерина Никитинская.

 Қазіргі кезеңде жекешелендіру процесіне ғылыми-зерттеу институттары, жобалау институттары, медициналық орталықтар, ауруханалар және де басқа әлеуметтік нысандар жаппай тартылуда. Депутаттардың ойынша, олардың одан әрі табысты жұмыс істеуі үшін сол нысанды сату ғана емес, сонымен қатар заманауи техникалық жабдықтарға инвестиция тарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру маңызды.
      Алайда, конкурс қатысушыларына қойылатын шартттар бұл міндеттерді шешуге нашар бағытталған.
       Осыған орай, жекешелендірудің тиімділігін арттыру мақсатында «Ақ жол» ҚДП фракциясы ұсынады:

1. стратегиялық не ірі инвесторларды тарту барысында отандық қор нарығында IPO / SPO режимінде бағалы қағаздардың бір бөлігін сатуды қамтамасыз ету;

2. ұлттық компаниялардың акцияларын қор нарығына шығарған жағдайда олардың бастапқы орналастыруын тек ХҚО арқылы қамтамасыз ету;

3. нысандарды бағалау құнынан төмен және сенімгерлік басқару арқылы жекешелендіру жағдайында, еңбек ұжымының мүшелеріне кемінде 25% үлесті бөлу үшін қажетті құқықтық негізді қалыптастыру;

4. қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздары Қазақстанның және оның аумағынан тыс жердегі әртүрлі қордық биржаларда бірдей айналымына кедергі келтіретін нормаларын алып тастау мақсатында казақстанның заңнамасына тексеру жүргізу.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.