05
Маусым

«Ақ жол» партиясы ШОБ-ті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын сынға алды

5 маусым 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
 
«Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын  Қазақстан экономикасындағы ШОБ-тің үлесін 50%-ға жеткізу міндетіне сай емес деп есептейді –  партия төрағасы Азат Перуашев өткен сәрсенбідегі Мәжіліс отырысында осылай мәлімдеді.  
Ол мұндай міндет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Үшінші жаңғыру» атты жолдауында қойылғанын, онда кешенді көзқарас пен кең ауқымды мәселелер – салық саясатынан бастап  бизнестің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мәселелеріне дейін  баяндалғанын еске салды.
«Үкіметпен осы бағытта табанды күш-жігер қолданылуда, оған едәуір дәрежеде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі ықпал ететінін мойындау керек», - деп  Азат Перуашев атап өтті.
Сонымен бірге, ол бұл күш-жігер «кездейсоқ мінез» болып табылады деп есептейді, кейде тар ведомстволық мүдделердің үстемдігі мен қарама-қайшы көзқарастар жиі байқалады. Нәтижесінде, кәсіпкерлер қуанышты қарсы алған Елбасының кейбір тапсырмалары  тек қағаз жүзінде ғана орындалатынын депутат атап өтті.  
ШОБ-ті қолдау кемшілігіне іс-тәжірибе жүзінде көптеген шешімдер тек шағын бизнеске бағдарланғандығы жатады. Дегенмен, шағын бизнес – бұл сауда және қызмет, ал дайын тауарлар өндірісі орта бизнестен басталады.
«Ақ жол» ҚДП көшбасшысы  бірқатар нақты мысалдар келтірді:  «2011 жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев алғашқы 3 жылда жаңадан құрылған шағын және орта бизнесті тексерістен босатуды талап етті.   Үкімет бұл тапсырманы тек шағын бизнеске қатысты орындады. «Ақ жол» фракциясының 2013 жылғы 18 желтоқсанындағы Елбасының бастамасын орта бизнесті қосып толық орындау қажеттілігі туралы сауалына Үкімет жай бас тартумен жауап берді».
2009 жылдың 15 мамырында Нұрсұлтан Әбішұлы ҮИИДМБ бағдарламасын іске қосты, және 2014 жылға қарай  елімізді толықтай отандық ЖЖМ өнімдерімен қамтамасыз ету тапсырылды. Бірақ, 2016 жылдың маусымында  мемлекеттік органдар кейбір мұнай өңдеу өнімдерін сатуға тыйым салды, нәтижесінде 32 орта МӨЗ тоқтап қалды, ал  нарықтың импортқа тәуелділігі сақталуда.
Сол кезде Елбасы 2014 жылға қарай дәрі-дәрмек нарығының 50% отандық  препараттармен қамтамасыз етуді тапсырды. Бірақ бұл үлес әлі 10%-дан кем. Оған бірден-бір себеп «СК-Фармация» мемлекеттік кәсіпорынның заңсыз іс-әрекеттері, осыған қатысты «Ақ жол» фракциясы 2013 жылдан бастап бірнеше рет депутаттық сауал жолдады. Тіпті, соттың шешімдері де болған,  бірақ әркез бәрі аяқсыз қалды. Және тек Елбасының қатаң сынынан кейін, Денсаулық сақтау  Министрлігі енді ол жерде тәртіп орнатып жатыр. Сонымен қатар, 50-ге жуық отандық фармацевтикалық компаниялардың 90% -ын шенеуніктердің озбырлығынан зардап шеккен  орта кәсіпорындар  құрайды.
2012 жылы,  «Қазақстан-2050»  Стратегиясында  2020 жылдан бастап кәсіпкерлерге салықтық несиелеу тәжіриебесін енгізуді тапсырған еді.      Бірақ «Ақ жол» фракциясының салықтық несиелеу және салықтық каникулды енгізу туралы  2011 жылдың 7 қыркүйегінен 2016 жылдың 1 маусымына дейінгі бес сауалына – Үкімет  бюджеттің шығынына және қаржыландыру артықшылықтары осы шараларды алмастыратындығына сілтеме жасады.  
«Және мұндай мысалдар жетіп, артылады.  2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсыруы кездейсоқ емес, - екенін А.Перуашев еске салды. –  Бірақ 2015 жылы іске қосылған «бірыңғай бағдарлама»  негізінен субсидияларға, кепілдікке және кәсіпкерлерді оқытуға қысқартылды».
Үкіметтің экономикалық саясат, инвестициялық басқаруды қоса алғанда, инфақұрылымның қолжетімділігі мен монополистердің қызметі, корпоративтік нарықты қорғау сұрақтары және басқалары – бұл бағдарламадан тыс қалды. «Тіпті,  жомарт қаржыландыруға қарамастан ШОБ-ті дамыту қиын,  Елбасы жақында айтқан салық туралы саясаты оны «біреулер қастық мақсатпен құрған», - деп  Азат Перуашев Елбасының сөзін мысалға келтірді.  -Сол ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шаралардың жоқтығы туралы айтуға болады,  мұндай шаралар ДСҰ рұқсат етілген болса да».
«Шағын және орта бизнес келешегіне олардың өзгерістері қалай әсер ететінін түсіну үшін бұл факторлардың барлығы кешенді ескерілуі тиіс», - деп есептейді «Ақжолдықтар».
               Осыған орай, демеократиялық фракция Үкіметке ШОБ-ке қаржылық қолдау шараларын қамтитын, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық саясатында ұзақ және орта мерзімді қадамдардың өзара әркеттесуін  экономикалық модель форматында  2050 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытудың кешенді  тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.  
Біз ең алдымен инвестиция, салық, монополияға қарсы, техникалық реттеу және  мемлекеттік квазисекторының сатып алу саласыондағы ШОБ-ті дамытуды ынталандырудың айқын және тұрақты жағдайлары қажет екенін айтып отырмыз.
               Осы модельдің нысаналы көрсеткіші кем дегенде 1,2% жылдық өсіммен, ағымдағы 23% -дан  2050 жылы 50% -ға дейін ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру тиіс.
Қазіргі ШОБ-ті дамытудың бірыңғай бағдарламасы мұндай мақсат пен мүмкіндіктерге ие емес, сондықтан қайта қарастыру қажет, - екеніне   А.Перуашев сенімді: тіпті қазіргі бағдарламаны едәуір қаржылық қолдау көрсетілсе, соңғы 3 жылда ШОБ-тің өсуі емес, жылына 1,5%-ға төмендеуі байқалады.
               «Бұл жағдайды түзету – оңай емес, бірақ жүзеге асыруға болады», - деп қорытындылады ол.