23
Қазан

Азат Перуашев - Үкімет ішкі нарықтың мәнін ЖІӨ-нің өсуі үшін және көлеңкелі импорт тарапынан қауіпті жете бағаламайды

 

23 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Азат Перуашев - Үкімет ішкі нарықтың мәнін ЖІӨ-нің өсуі үшін және көлеңкелі импорт тарапынан қауіпті жете бағаламайды – бұл жөнінде Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында мәлімдеді.

«Ақ жол» фракциясының Үкіметпен Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша өткір пікір-таластары бұл мәселеге белгілі бір тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар, ашық нарықтағы айналымдар 3,5 есе көп және экономиканың дамуына елеулі әсер етуі мүмкін.  Мәселен,  2016 жылы бөлшек сауданың көлемі 7 трлн. 660 миллиард теңге, ал көтерме сауданың көлемі 18 трлн.теңгені құрады», – деп кәсіпкерлер партиясының төрағасы хабарлады.

Бірақ, бұл сегментпен ешкім айналыспайды, сондықтан оның ресурстары шетелдік өндірушілерге тиеді,  оған дәлел өткен жылғы тауарлар импортының бірден 18%-ға өсуі. «Және ағымдағы бюджет жобасында, Үкіметтің импорт алмастыруды ынталандырудың орнына,  тағы да импорттық тәуелділікті одан әрі күшейту және импортталатын өнім көлемін жылына13 трлн 900 млрд.теңгеге, яғни тағы да 20%-ға өсіруге негіз қаланды!

Сонда, біздің өзіміздің нарығымыздан жыл сайын 40 миллиард доллардан астам шетелге «өтіп кетіп жатыр», мұны мемлекеттің тиісті қолдауымен қазақстандық бизнес игеру мүмкін еді».

А.Перуашев Қырғызстанның тауарларын жақындағы тексерулері туралы мысал келтірді,  нәтижесінде импорттың үлкен үлесі көлеңкелі тізбе бойынша, қайдан шыққаны және қауіпсіздігі расталмай әкелінетіні анықталды.

«Ақ жол» фракциясы бірнеше жылдар бойы өнім қауіпсіздігі саласында тәртіпті қалпына келтіру және әділетсіз импорт арналарын тоқтату қажет екенін талап етуде. Біздер Ү.ж. 4 қазанында, екі апта бұрынғы депутаттық сауалды қоса алғанда, осы тақырып бойынша соңғы уақытта 5 депутаттық сауал жолдаған болатынбыз.

Алайда, уәкілетті органдар да, кедендік қызметтер де осы уақытқа дейін тиісті түрде әрекет етпеді. Сонымен қатар, 2014 жылдың басында Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті атап өткендей, барлық импортталған өнімдердің 60%-ға дейіні бақылаудан өтпейді және қазақстандық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді», - дегенді еске салды депутат.

«Бүгін БАҚ-ы хабарлауынша, Қырғызстан ДСҰ мен Еуразиялық комиссияға қазақстандық биліктің әрекеттері туралы өтініш берді. Бұл біздің құрметті көршілеріміздің құқығы, оларға біз жақсылық пен өркендеуді тілейміз.

Бірақ, биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауында Президент, дәйексөз келтіремін: «Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мен көтермелеуді қамтамасыз ету қажет» деп тікелей атап өтті.

Және бұл жерде мәселе мүлдем Қырғызстанда емес, мәселе өз халқымыздың экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігіне қатысты болып отыр. Кез-келген елден Қазақстанға әкелінетін өнімдер қатаң бақылауға алынуы тиіс», - деп атап кетті «Ақ жолдың» көшбасшысы.

Демократтар фракциясы көлеңкелі импортты қорғау арқылы мемлекет отандық тауар өндірушілерді қолдау қажет деп есептейді. «Техникалық реттеу саласы индустрияландыру және экономикалық әртараптандыру бағдарламасының ажырамас бөлігі болуы тиіс». Тек индустрияландыру, өз өндірісімізді дамыту арқылы бізмұнай және импорт тәуелділігінен нақты шығуды және девальвациядан сенімді кепілдік пен ЖІӨ-нің тұрақты өсуін қамтамасыз ете алатынына», - сенімді Азат Перуашев.