«Ақ жолдың» депутаттары ауыл шаруашылығын субсидиялауды қалпына келтіруді талап етеді
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 18 мамыры
«Ақ жолдың» депутаттары ауыл шаруашылығын субсидиялауды қалпына келтіруді талап етеді – бүгін пленарлық отырыс барысында ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың атына фракцияның тиісті сұрауы хабарланды.
«Осы 2016 жылдан бастап кадрларды дайындауға, генетика, жаңа әзірлемелерді енгізу, техника мен құрал-жабдықтарды жақсартуға алынатын инвестсубсидияларға көшуге байланысты өткен жылдың соңынан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы өсімдік шаруашылығындағы гектарлық субсидиялау жарғыларынан бас тарту туралы бірнеше рет айтылды,- делінген сауалда. - Мәселен, бұл туралы алдыңғы министр 2015 жылдың 7 қазанында орталық коммуникациялар қызметінде өткен ресми брифингте, сондай-ақ бірқатар басқа да отырыстарда мәлімдеген».
Бұл гектарлық субсидиялауды қолдаудың дәлелдері бар бизнес-қоғамдастықтың алаңдаушылығын туғызды: техника 5-10 жылда бір рет сатып алынуда, ал егіс және егін жинау жұмыстарына және жануарларға азықты сатып алу шығындары үнемі болып тұрады.
Оның ішінде импорттық ауыл шаруашылық техникасын сатып алу, бұл ретте, субсидиялауға жатады, бұл отандық ауылдарды қамқорлыққа алуды жамыла отырып, қазақстандық емес шетелдік машина жасаушыларды қолдауды білдіреді.
Дегенмен, 2016 жылдың 21 сәуірінде «Казахстанская правда» газетінде, ресми үкіметтік баспасөзде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ауыл шаруашылығының 1 гектарға және (немесе) тоннасына басым дақылдарын субсидиялау ережелері анықталған бұйрығы жарияланған.
«Алайда, «Ақ жол» партиясына хабарласқан ауыл шаруашылық кәсіпорындары қатынастар бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап гектарлау әдісі бойынша субсидиялау іс жүзінде тоқтатылды», - деп атап өтті Кеңес Абсатиров және АӨК қаржылай қолдау көлемі бойынша Еуразиялық Экономикалық Одағының аясында, Қазақстан негізгі серіктестері - Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына онсыз да еселеп беретініне назар аударды. Сонымен, Ресейде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі өнімнің құнынан 10% құрайды, Беларуста 18%, ал Қазақстанда – 3% - дан кем.
«Осы артта қалудың нәтижелерін біз отандық дүкендердің сөрелерінен, ондағы ресейлік және Беларустық азық-түлік тауарлары үлкен үлесін алатынын айқын көреміз», - деп атап өтті депутат.
Сонымен қатар, депутаттық сауалда атап өтілгендей, осы жылдан бастап ішкі аудитті жүргізуге ауыл шаруашылығы кооперативтерінің одақтарының тексеру шығындарын субсидиялау, дегенмен, қазірдің өзінде «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» Заңмен өтеу көзделсе, мүшелік жарналар есебінен олардың шығыстарының өтеуі қарастырылған.
Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық фракциясы ауыл шаруашылығы министріне келесі мәселелермен жүгінді:
1. Ауыл шаруашылығын өндірушілердің өкілдерімен кеңінен талқыланбай, салалық министрлігінің бір ғана қалауымен ауыл шаруашылығын субсидиялау тәртібін қайта қарау қаншалықты ақталды? Жер мәселесі бойынша пікірталас осындай өзекті тақырыптар бойынша жұрттың пікірін елемеуге жол бермеуді көрсетеді.
2. Ағымдағы жылдың басынан бастап министрліктің өзімен бекітілген ережесімен көзделген болса да, агроөнеркәсіптік кешенінің гектарлық субсидиялауының кешігуі немен түсіндіріледі? Ол жалғастырылатын болады ма және қашан?
3. Ағымдағы жылы АӨК субсидияларының қандай түрлері жұмыс істейді, және олардың әрқайсысы бойынша өңірлер бөлінісінде қандай қаржыландыру көлемі қарастырылған?
4. Ауыл шаруашылық өндірушілерінің өздерін субсидиялармен еңбек қамтамасыз ете алмайтын жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтары сияқты, шын мәнінде, бюрократиялық құрылымдардың шығындарын субсидиялау қаншалықты негізделген?
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда және қазақстандық тауар өндірушілер мүдделерін қорғауда.