«Ақ жол» партиясының депутаттары жаңа көлік техникасының қымбаттауына әкеп соқтырған Салық кодексінің нормаларын қайта қарауды талап етеді
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 13 сәуірі
«Ақ жол» партиясының депутаттары жаңа көлік техникасының қымбаттауына әкеліп соқтырған Салық кодексінің нормаларын қайта қарауды талап етеді – тиісті депутаттық сауал бүгін Мәжілістің жалпы отырысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің атына Азат Перуашевпен жарияланды.
««Ақ жол» партиясына ағымдағы жылдың 1-қаңтарында жаңа көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін енгізілген алымдардан кейін қалыптасқан ғажап жағдайлар бойынша отандық автоөндірушілерден өтініштер келіп түсуде. Бұл, қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін арналған шара, шындығында олардың мүдделерін маңызды шектеуге әкелді», – делінген депутаттық сауалда.
Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органмен бастамашылық еткен 1 жылдан асқан автокөлік құралдарының тіркелгені үшін алымдары бойынша Салық кодексіне түзетулерді енгізуді көздейді. Алайда, аталған кодексте пайдаланылатын күнтізбелік жыл болса, онда 1 қаңтардан бастап, мысалы, өткен жылғы 31 желтоқсанда шығарылған автокөлік, яғни барлығы бір-екі күн бұрын - бір жылдан асқан болып саналады және оларды сатып алушы тіркегені үшін қосымша сома төлеуге тиіс.
Мысалы, 2015 жылдың желтоқсанында шығарылған жеңіл автокөлікке, 2016 жылдың қаңтар айында қабылданған нормалар 50 АЕК алым сомасын төлеуге міндеттейді, жасы 1 жылдан 3 жылға дейінгі автокөлік үшін сияқты. Осындай жеңіл автокөлік сатып алушы үшін қосымша шығындар 105 мың теңгеден астам өседі.
«Дайындаушы-зауыттардан 2015 жылдың желтоқсан айында шыққан жүк автокөліктерінің (шағын және орта бизнес үшін кішігірім тонналық коммерциялық техникасын қоса алғанда), автобустар мен троллейбустардың алғашқы тіркелуі, 2016 жылдың қаңтар айында сатып алушыларға 240 АЕК төлеуге тура келді, яғни сатып алу құны 508 мың теңге және одан да көп артады, автокөлік мүлдем жаңа және осыдан екі ай бұрын ғана шығарылса да, - деп атап өтті Перуашев. - Нәтижесінде, барлық жерде өткен жылдың аяғында өндірілген жаңа автокөлік құралдарынан сатып алушылардың бас тартулары орын алады. Әлбетте, бұл Салық кодексінің көрсетілген нормасын сақтай отырып, бұл үрдіс тек өсе береді».
Өндірушілер үшін бұл қоймалардағы жүйелі түрде орындалмаған өнімнің пайда болуын, оның айналымнан шығуын және айналым қаражатын 'тежеуін' білдіреді.
Бүгіннің өзінде, қазақстандық автобизнес Қауымдастығының ақпараты бойынша, қоймаларда 2015 жылдың соңына қарай өндірілген, сомасы 27 млрд. теңгеден кем емес тек коммерциялық техникадан ғана 4,5 мың бірлік машиналар жиналып қалған. жеңіл автокөліктерді есепке алсақ, бұл сома 1,5-2 есеге өсуі мүмкін. Бұл ақша кәсіпорындардың айналымнан құлады дерлік, сондай-ақ бюджет, тиісінше олардың 'тежеуінің' арқасында елеулі табыстарын толықтай ала алмайды.
Үнемі осындай жағдайға түспеу үшін, автокөлік құралдарын өндірушілер одан әрі әр жылдың соңында өз қызметін тоқтата тұруға, жұмыс қызметкерлерін және айналымдарды қысқартуға мәжбүр болады, бұл кәсіпорындардың тұрақты жұмысын сақтау және білікті қызметкерлерді сақтап қалу үшін елеулі тәуекелдер ұсынады.
«Кәсіпорындардың тұрақсыздығы мен олардың айналымының төмендеуі, бюджетке төлейтін төлемдерге кем дегенде теріс әсер етеді, сондай-ақ онда да жоғарыда көрсетілген себептер бойынша түсімдердің төмендеуін болжауға болады», - деп есептейді «Ақ жолда».
«Жақсы болсын деп едік,ал қалай болды, солай болды дегендей»,- деп толықтырды осыған байланысты «Ақ жолдың» көшбасшысы.
Осыған байланысты, 'Ақ жолдың' депутаттары уәкілетті мемлекеттік органнан қалыптасқан жағдайды түзетіп және Салық кодексінің 456-бабының 6.4 тармағын өзгертуге көмек көрсетуді, жаңа автокөлік құралдарына арналған бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін алымның сомасы 2 жасқа дейінгі техника үшін (0,25 АЕК), 2-жылғы және одан жоғары автокөлік үшін оның құнының өсуінің белгіленуін талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмысын жалғастыруда.