24
Маусым

Азат Перуашев: Ақшаны қолма-қолға айналдыру кеңселерінің салық органдарындағы коррупционерлермен зияндық байланысы үзіледі ме екен?

 2015 жылдың 24 маусымы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Азат Перуашев,  қаржы министрі Б.Сұлтановқа: «Ақшаны қолма-қолға айналдыру кеңселерінің  салық органдарындағы  коррупционерлермен зияндық байланысы үзіледі ме екен?» – деген сұрақ қойды.
«Бірқатар жылдар  бойына, жалған кәсіпкерлік мәселесі бойынша пікірталас барысында, «Ақ жол» партиясы да, «Атамекен» ұлттық палатасы да әлденеше рет, жалған кәсіпкерлік  және  «ақшаны қолма-қолға айналдыру» фирмаларының қызметі салық органдарының өздерінің ішіндегі  алақол қызметкерлерінің қамқорлығынсыз мүмкін еместігін атағанын, - еске түсірді Перуашев. – Дәл осы канал арқылы бюджеттік қаражаттың басым бөлігін ұрлау және  коррупциялық ақшаларды шетелге шығару іске асады. Әр түрлі аймақтарда жасанды компаниялар  салық қызметкерлерінің «қорғауында»  болғаны әшкереленді, олардың әрекеттері мемлекетке миллиардтаған зарарын тигізді».
Қазыналық мекемелердің  әрекетсіздігінің нәтижесінде, бюджетке салықтық түсімдердің жоғалуы 2014 жылға бюджеттің орындалуы туралы Есеп комитетінің есептемесінде де  көрсетілген. Құжатта жалған кәсіпкерлікке қатысты ақталмаған және де рәсімдерді анық қасақы созу фактілері  келтірілген, оның нәтижесі  мемлекеттің пайдасына өндірілуге жататын ақшалай қаражатты алып кету болды.
Осылайша, 2009 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының мемлекеттік табыс департаментімен  жалған кәсіпкерлік белгілері және «ақшаны қолма-қолға айналдыру» схемалары бойынша, «Брусника ЛТД» ЖШС салықтық тексеру  тоқтатылған және де бүгінгі күнге дейін (яғни, 6 жыл бойы!)  аяқталмаған. Тек осы ЖШС бойынша ғана бюджетті жоғалту сомасы 9 млрд 632 млн. теңгеден асып түсті. Жалғыз бұл сома бүкіл ел бойынша, жуырда ауқымды қоғамдық резонанс тудырған, мектеп асханаларының жалдау ақысының  көтерілуімен де, мектептегі  тегін түскі асты қамтамасыз ету үшін жететін еді.
Жергілікті салық органдарының  салғырттығынан Алматы қаласында «АлматыСтройКомИнвест» ЖШС тексеру кезінде 124 млн.теңге, Қарағанды облысында «КүшСтрой» ЖШС 600 млн. жуық теңге, Ақтөбе облысында – «Ақтөбе Жасыл Жібек Жолы» ЖШС тексеру кезінде 173 млн.теңге қаржы бюджетке түспей қалды. 
Оңтүстік Қазақтан облысының салық органдарымен «Мейрам-Н» ЖШС тексеру кезінде елеу шаралары оны жалған кәсіпкерлік деп танығаннан кейін, тек  20 айдан соң (!) қабылданды,  Маңғыстау облысында -  «Райсервис и К» ЖШС-не – тек 24 айдан соң (2 жыл!)  оның тіркеуін заңдастырылмаған деп мойындау туралы сот шешімі шыққаннан кейін қабылданды.  Бұл мерзімде бюджетке алуға арналған ақша,  алаяқпен бірге ұшты  – күйлі жоғалған. Зарар сомасы  570 млн.теңгеден астамды құрады.
«Осы және басқа да ұқсас мысалдар шенеуніктер жағынан алаяқтарға деген қамқор және жылы  қарым-қатынастарының себептері туралы ойлануға итермелейді, - деп айтылады сауалда.
Мемлекеттік мүдделерге үлкен зарар келтіретін, бұл құқық бұзушылықтың жүйелі сипатын  екере отырып, парламенттік фракцияның жетекшісі Қаржы министрлігінің басшысына  келесі сұрақтарын қойды:
-  Есеп комитетінің Есептемесінде келтірілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілді ме, аталған бұзушылықтарды жіберген,  салық органдарының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды ма?
-  Осындай  қиянат етушілікті жою және алдын алу үшін Министрлік қандай шараларды қолданбақ?
-  Ақшаны қолма-қолға айналдыру кеңселерінің  салық органдарындағы  коррупционерлермен зияндық байланысы үзіледі ме екен?
«Ақ жол» партиясы: «Тұрақты бизнесті және оның қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін, адал азаматтармен көрсетілетін, қажырлы еңбектің аясында,-  миллиардтаған ақылдары саяз  және жатып ішер алаяқтар мен коррупционерлер  кәсіпкерлердің адал өнімді еңбектерінің беделін түсіреді», - деп санайды.