28
Ақпан

«Ақжолдық» Марал Томпиевтің бүркіті «Қыран-2018» республикалық бүркітшілер турнирінде бас жүлдені жеңіп алды

2018 жылғы 28 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

«Ақжолдық» Марал Томпиевтің бүркіті «Қыран-2018» республикалық бүркітшілер турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Сайыс Алматы ипподромында 8 және 10 ақпан күндері аралығында өтті. Қазақстанның он өлкесінен келген аймақ өкілдері саятшылық өнерін паш етті. Аталған спорт түрі Алматыда алғаш рет 1988 жылы көршілес қырғыз, түркімен елдерінің қатысуымен өткен болатын.

         

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып, үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде бүркітшінің және құсбегілердің шеберлігі, құстарды қолға қондыру, баптау элементтерін бағаланса, ал келесі кезеңге өткен бүркіттер қоян мен түлкіге түссе, қаршыға мен ителгілер қолға шақырылып, көгершін аулады.

Жарыста бүркіттен басқа көгершін аулаған сұңқарлар мен қаршыға сынды құстар да сынаққа түсті. Бұл сайыста Дәурен Аршабай, Арай Серікбаева, Сұлтан Сейітжанбек (қаршыға) және Медет Шалипов, Берікболсын Бабажан, Нұрбақыт Бакен (сұңқар) жүлдегер атанса, «Ең жас қатысушы» аталымы бойынша Алғазиз Ғалымбекұлы және Ерсұлтан Жұмағұл марапатталды.

        

Құсбегілер додасына «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі Марал Томпиевтің бүркіті қатысып, бас жүлдені ұтып алды. Бүркітпен өз өнерін көрсеткен 8 жасынан қолына қыран қондырып, бүркіт баптаған 13 жасар Бекасыл Сейітжан еді.

        

Марал Томпиев. Бекасыл Сейітжан, 60 жылдары Қытай елінен көшпенділердің осы бір көне саятшылық өнерін бізге алып келген менің досымның немересі. Менің қыраныммен бірінші орынды иеленсе, сұңқармен – үшінші орынға ие болды. Ол бүркітшілердің ауылы Нұра ауылында тұрады, онда 30-ға жуық бүркітшілер мен сұңқаршылар бар. Менің атам Қали Томпиев пен оның әкесі Томпы әйгілі мергендер мен бүркітшілер болған кезінде, ал менің аталарымның бірі Айдарбек – Кенесары ханның үзенгілес серіктесі әрі бүркітші өз заманында. Ол ауылға барар жолда бірінші болып кім кездессе, соған өзі ұнатқан жабайы құстарының бірін бере салатын болған. Маған да қанмен берілген сияқты, саятшылықты, аңшылықты жаным сүйеді. Қалада бүркітті ұстау мүмкін емес, марқұм досым Сейітжанның балалары Бауыржан мен Бекасылға асырап, баптау үшін қырандарымды олардың қолына ауылға бердім. Бекасыл өте талантты, екінші мәрте қатарынан бас жүлдені алып отыр.

          

 

«Ақ жол» партиясы және оның парламенттік фракциясы Үкіметтің назарын халық рухын көрсететін ұлттық спорт түрлерін дамытудың маңыздылығына бірнеше рет аударған. Өзіміздің меншікті игілігімізге, салт-дәстүрлерімізге қамқорлық жасап, оларды ұлттық брендке айналдыру қажет. Мәселен, арабтар арнайы түйелер бәйгесін ұйымдастырады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен тамашалауға әдейілеп туристер келеді. Ал Моңғолия елінде болса «Шыңғысханның ізімен» атты сәйгүліктер бәйгесі 10 күнге жалғасады – биылғы жылы оған әлемнің 15 елінен 400 шабандоз қатысқан.