25
Ақпан

Бюджеттік қаражат кәсіпқой легионерлерді қаржыландыруға емес, бұқаралық балалар-жасөспірімдік спортты қолдауға жіберілуі тиіс – Азат Перуашев

 
2015 жылдың 26 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз - қызметі
Бюджеттік қаражат  кәсіпқой легионерлерді қаржыландыруға емес, бұқаралық балалар-жасөспірімдік спортты қолдауға жіберілу тиіс – бұл жөнінде кеше Мәжілістің пленарлық отырысында 2015-2017 жылдарға республикалық бюджетті талқылауда сөз сөйлеу барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
«Біздің барлығымыз,  тіпті қазіргі таңдағы оңай емес жағдайдың өзінде, Үкімет, Президенттің саяси еркін орындап, әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуға бармағанын көріп отырмыз. Сондықтан бөлінген қаражат құр сөзбен емес, іс жүзінде қоғамға қызмет етуі, біздің азаматтарымыздың өмірінің сапасын тиісінше қамтамасыз етулері өте маңызды.
Өкінішке орай, кей кезде біз кейбір өзге көріністі байқаймыз. Президенттің бұқаралық спорттың  және  ұлттың денсаулығының дамуына зор көңіл бөліп отырғаны  бәрімізге мәлім. Осыған сәйкес, барлық әкімдіктер спорттық объектілер мен іс-шараларды әл-қадарларынша қаржыландырады. Бюджеттік қаражаттарды бөлген кезде жергілікті спорт басқармаларының қандай қағидаттарды басшылыққа алатыны көптеген спорт әуесқойларының сұрақтарын туындатады», - деп өзінің мәлімдемесінде демократтар фракциясының жетекшісі атап өтті.
Азат Перуашев парасатты мағыналық қисынға салсақ, жастар арасында әйгілігімен ерекшеленетін, оларды дене шынықтырумен шұғылдануға тартатын түрлерін қолдау қажет және қазақстандық спортшылар дәстүрлі түрде әлемдік деңгейде медальдарды қайда жеңіп алып жүрген: бокс, күрес, ауыр атлетиканы басқа да кейбір түрлерін қолдау қажет, - деп еске салады Азат Перуашев.
Сонымен қатар, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттері бойынша талдау спортты қаржыландырудағы анық үйлеспеушіліктерді көрсетеді. Мәселен, 2015 жылы әкімдіктер күрес секциясына 3,197 млрд.теңге, боксқа -1,510 млрд. теңге, ауыр атлетикаға – 487 млн. теңге салды. Бірақ ең көп шығындар, жүргізілген оңтайландырудан кейін де, футбол клубтарын ұстауға жоспарланған болып шықты– бұл 14,603 млрд. теңге.
«Сонда футболға, ондағы біздің ең күшті жетістігіміз – Еуропа чемпионатына  іріктеу тобындағы ең соңғы орындардың бірі болып отырған футболға, облыстық спорт басқармалары әрбір Олимпиададан алтын медальдар әкелетін боксқа қарағанда он есе көп мемлекеттік ақша береді!  - деп қынжылыс білдіреді «Ақ жолда». - Тырнақшаның ішіндегі, «кәсіпқойлыққа», ал шын мәнісінде – бюджеттік – футболға, бокстан немесе ауыр атлетикадан гөрі, тіпті 10 есе де емес, 100 есе көп қаражат бөлетін облыстар бар».
«Әділетсіздіктің ең үлкені, егер бокс немесе күреске біздің ауылдарымыз бен қалаларымыздың қазақстандық балалары баратын болса, ал футбол клубтарында жергілікті бюджет ақшасына көбінесе шетелдік легионерлер қазақстандық спортшылардың түсіне де кірмеген жалақыларымен ұсталады», - деп атап өтті А.Перуашев.
Жастарымызға нақты пайдасын тигізетін, қаншама спорт алаңдары немесе секцияларын, 14 млрд.теңгеге салуға болар еді?», - деген сұрақ қояды «ақжолдықтар».
Депутат, кәсіпқой спортқа және  легионерлермен қарым-қатынасқа қарсы еместігін атап өтті, бірақ, бюджеттік қаражат бұқаралық балалар-жасөспірімдік спортты және табысты қазақстандық спортшыларды қолдауға жіберілуі керек деп санайды.
«Кәсіпқой футбол клубтары бүкіл әлемде ақшаны өздері табады және мектептер мен секциялардан ақша алып қою былай тұрсын, керісінше – өздерінің есептерінен балалар спортына көмектеседі» - дейді «Ақ жол» партиясында.
Сол себепті Азат Перуашев бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерін қазіргі жағдайларда бюджетке өте ұқыпты қарауға шақырды және оны тиісінше орындау жауапкершілігі туралы ескертті.