17
Мамыр

Үміткер Дания Еспаеваның штабы 18 мамыр күні үгіт кездесуін Ақтау қаласында өткізеді

Пресс-анонс 

Үміткер Дания Еспаеваның штабы 18 мамыр күні үгіт кездесуін Ақтау қаласында өткізеді. Үгіт шараларын өткізу үшін Ақтау қаласына Дания Еспаеваның Республикалық штаб өкілдері – штаб жетекшісі, партия төрағасы Азат Перуашев және партия төрағасының орынбасары, ҚР Мәжілісі депутаты Берік Дюсембиновтар барады.

«Holiday Inn Aktau» қонақ үйінің конференц-залында Маңғытау облысының жас сайлаушыларымен, яғни кәсіпкерлер, студенттер, «Ақ жол» партиясының жас қанатының мүшелерімен кездесу өтеді.

Екінші жартыкүндікте штаб мүшелері Ақтау трансформатор зауытына барып, онда кәсіпорын ұжымымен кездеседі.

Үгіт шарасы Жамбырбай Матаевтың жетекшілігімен Дания Еспаеваның аймақтық штабымен ұйымдастырылады.

Шараға Дания Еспаеваның сенімді өкілдері, «Ақ жол» партиясының аймақтық белсенділері, БАҚ өкілдері қатысады.

«Holiday Inn Aktau» қонақ үйіндегі жастармен кездесу орнының мекенжайы: Ақтау қ., 4 ықшам аудан. Басталу уақыты: 11.00.

Зауыт ұжымымен кездесу орнының мекенжайы: Ақтау қ., №6 өнеркәсіптік аймақ, 65 ғимарат. Басталу уақыты: 14.00.

Байланыс үшін: 8702 725 16 01 Ғазиза