2 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы
Алматыда Дания Еспаеваны қолдау аясында веложарыс өтті – іс-шара сайлауалды науқан шеңберінде «Вело-халық Алматы», №73 жасөспірімдер мен балаларға арналған «AppleTeam and» спорт мектебінің қатысуымен «Ақ жол» партиясының Алматылық штабының ұйымдастыруымен өтті.
Веложарыс жастарды отанға деген махаббатты баулу, спорт пен туризмді дамыту, Жастар жылы аясында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс алдында «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының басшысы Нұрлан Жазылбеков Дания Еспаеваны қолдау сөзін айтты. Жарыс Әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент паркінен басталып, Торайғыров – Каблуков – Тимирязев - Байтұрсынов Шевченко – Қонаев – Гоголя көшелері арқылы өтіп, Мәдениет паркінде мәреге жетті. М. Горький паркіндегі мәреде қала тұрғындары, филиал белсенділері және іс-шараның басқа да қатысушылары спортшыларды «Атамекен» әнімен қарсы алды.
Шара соңында филиал жетекшісі веложарыстың барлық қатысушыларын құттықтап, 2019 жылдың 9 маусымында өтетін сайлауда азаматтық белсенділік танытуын сұрады.
Дания Еспаеваның сайлауалды науқаны жалғасуда.