«Ақ жол» партиясы ҚР Үкіметіне бірқатар басым салалар үшін ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізуді табандылықпен ұсынады
12 қыркүйек 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы ҚР Үкіметіне біздің елімізде ауылшаруашылығы, машина жасау, жеңіл және тамақ өндірістері, дәрі-дәрмек, тұрғын-үй құрылысы, жасыл энергетика сияқты т.б. бірқатар басым салалар үшін ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізуді табандылықпен ұсынады.
Мәжілістің пленарлық отырысында фракция жетекшісі Азат Перуашев «еліміздің алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік дамудың міндеттерін, алдағы ДСҰ-на кіруді, Кедендік одақта күшейіп келе жатқан бәсекелестікті және отандық өндірушілерді қолдаудың қажеттілігін есепке ала отырып» бұл ұсыныс қайтадан шығарылып отыр деп мәлімдеді.
Фракцияның депутаттық сауалында Елбасымен «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында» өндіріс және жаңа технологиялар салаларымен айналысатын кәсіпорындар үшін қолайлы салық режімін енгізу бойынша міндеттер қойылған болатын, - деп көрсетілген. - Президент ҚР Парламентінің бұрынғы сессиясының ашылуында Үкіметке өңдеуші өнеркәсіпті, аграрлық кешендерді және бәсекелесу қабілеті төмен салаларды қолдаудың жүйесін толығымен қайта қарауды тапсырды».
Бұл берілген тапсырма ұлттық бизнестің мүдделеріне тікелей қатысты болғандықтан «Ақ жол» Демократиялық партиясы Еуропалық одақ Өкілдігіне және ДСҰ және ЕО мүше-елдерінің бірқатарының елшіліктеріне осы елдерде қолданылатын Салық саясаты арқылы өндіріс секторын қолдау шараларына қатысты сауалдар жолдады.
Азат Перуашев ресми алынған жауаптардан мысалдар келтірді: ЕО-та экономиканың басым және әлеуметтік-маңызы бар салалары үшін сараланған салалық жанама салық салу мөлшерлемесі (ҚҚС немесе сатудан түскен салық) сияқты құрал іс жүзінде кеңінен қолданылатынын көрсетеді. Бұл әдістеме Қазақстанда қолданылатын тәсілдемелерден бірқатар қағидалы ерекшеліктері бар:
1) Бұл елдерде сараланған салалық мөлшерлемесі тікелей заңнамамен белгіленеді және ДСҰ шеңберіндегі «жеңілдік» болып саналмайды.
2) Сараланған мөлшерлемелер жалпы басым және әлеуметтік-маңызы бар салалар үшін қолданылады, бұл экономиканың нақты секторларын дамытуды шынайы ынталандыруға және оларды инвестициялауға мүмкіндік береді.
3) Іс жүзінде ЕО елдерінің барлығы нақты салалар үшін бірнеше сараланған мөлшерлемелерді қолданады.
Мысалы, Ұлыбританияда жалпы белгіленген мөлшерлеме 20 % құрайды; бірақ жеке мақсаттарға пайдаланылатын энергожабдықтау және энерготасымалдаушы; тұрғын үй ғимараттарын жөндеу бойынша және т.б. қызметтерге – 5 % ҚҚС мөлшерлемесі белгіленген. Кәріз жүйесі және сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылыстарын салу, жолаушылар және жүк тасымалдау қызметтеріне, машина жасау (кеме жасау, ұшақ жасау) салаларына, балалар киімдері, азық-түлік тауарлары өндірісіне, баспа қызметіне – ҚҚС мөлшерлемесі 0 %-ды құрайды .
Одан басқа, денешынықтыру және спорт мекемелерінің, кәсіби дайындық және колледждер және университеттердегі ғылыми зерттеулер, барлық дәрігерлік қызметтер және фармацевтика және тағы басқа қызметтер бойынша айналымдар жанама салық (тіпті 0 %-ға) салудан толығымен босатылған.
Швецияда ҚҚС-тің жалпы белгіленген мөлшерлемесі 25 %, ал тамақ өндірісі, туристік қызметтер үшін және тағы басқаларға - сараланған мөлшерлеме 12 % құрайды. Мерзімді басылымдарды тарату, жолаушылар көлігіндегі, мәдени және спорт мекемелеріндегі қызметтерге және басқаларға – бұл мөлшерлеме 6 % белгіленген, және т.б.
Сондай-ақ, ҚҚС-ның сараланған мөлшерлемелері бойынша осындай тәсілдер Германия, Канада, Нидерландта, Австрияда, Бельгияда, Финляндияда, Румынияда, Польшада, Литвада, Чехияда және т.б. елдерде қолданылады.
Сауалда көрсетілгендей, ҚҚС-ның сараланған мөлшерлемелері ауылшаруашылығы, азық-түлік және тұтынушылар тауарларын сату, дәрі-дәрмек өндірісімен сатуға және дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерге, машина жасау, энергетикада, көліктік қызметтерге, кітап және мерзімді басылымдар шығаруға, мәдениет және спорт қызметтеріне және т.б. қызмет көрсетулер үшін өте жиі қолданылады.
«Ақ жол» партиясы және оның депутаттары қолданыстағы салық саясатын ұлттық өнеркәсіп мүдделеріне сай жаңғырту үшін күш салып жүргенін еске саламыз. ҚҚС-ның салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсыныс салық заңнамасын алдыңғы талқылауда «Ақ жол» партиясының депутаттарымен енгізілгенін бірақ кері қайтарылған болатын.
«Әйелдер үшін зейнетақы жасын өсіру жоспарлануына сәйкес, тоқыма, тігін өнеркәсіптері, қоғамдық тамақтандыру саласын, жеке дәрігерлік қызметтер көрсетулер сияқты «әйелдер» істейтін дәстүрлі экономика секторларын қолдау ең өзекті болып табылады, - деп есептейді «Ақ жолда». - Интеллигенцияны қолдау мақсатында, жеке білім беру, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында ҚҚС-ның төмендетілген салалық мөлшерлемесін қолдану қажет».
«Қазіргі кезде Мәжіліске Салық кодексіне өзгертулер енгізу бойынша кезекті заң жобасы келіп түсті. Бұл жобада бірқатар салықтарды күшейту ұсынылады, бұл кәсіпкерлердің негізді мазасыздықтарын тудырады. Салықтардың ақша жинау рөлін ғана атқармайтынын, әрі тұтастай алғанда экономиканың теңгерімді дамуына маңызды ынталандыру ретіндегі рөлінің зор екенін де ұмытуға болмайды», - деп атап өтті Азат Перуашев.
Кедендік одақтағы бәсекелестік беталысын және алдағы ДСҰ-ға кіруді ескере отырып, «Ақ жол» партиясы ұлттық бизнесті қорғау бойынша халықаралық тәжірибелерді ескеріп, мейлінше ойланып, сараланған салық саясатын жүргізу қажет деп есептейді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.