03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2013

Азат Перуашев Қаржы Министрлігінің жалған кәсіпкерліктен келетін шығынды асыра айтуының себебін ашып берді

3 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Үкіметтің 2012  жылғы есебінде  келтірілген жалған кәсіпкерліктің жұмысының нәтижесінде 63 млрд. теңгенің бюджетке түспегені туралы дәйектері нақты жағдайды көрсетпейді – деп мәлімдеді Азат Перуашев.
Өткен жылғы үкіметтің қызметінің нәтижелерін талқылауға арналған Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ол тапсырылатын статистикалық есептердегі әдептілік деңгейін едәуір көтеру қажеттігін көрсетті, себебі келтірілген мәліметтерді бұрмалау ақырғы нәтижесінде бюджеттік саясатта өтірік пайымдауларды құрайды.  Мысал ретінде жалған кәсіпорындардың  және олардың контрагенттерінің қызметтерінің нәтижесінде бюджетке түспей қалған салықтардың сомасы туралы мәліметтерді келтірді. Егер, Есеп комитетінің есебінде 63,0 млрд. теңге көрсетілсе, онда фракцияның өткен жылғы қыркүйектегі сауалы бойынша Қаржы министрлігінің ақпараттарының 2012 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша сомасы 0,7 млрд. теңге.
«Мұндағы әдістемелік «тұзақ», салықшылардың ешкім кінәлі деп танымаған адал кәсіпкерлердің ішінен олардың контрагенттеріне есептеулер әдісімен КТС және ҚҚС-ын жалған кәсіпкерлерден келген зиян сомаларына қосатыны болып табылады, - деп есептейді А.Перуашев. Демек, жалған кәсіпкерлердің өздері төлемеген салық төлемдері ғана бюджетке өндіріліп алуға жатуы тиіс».
Жалған кәсіпкерлердің басым көпшілігі ЖК түрлерін және арнайы салықтық режімді (АСР) қолданып әрекет ететіндігі туралы мәліметтерді ескерсек,  олардан бюджетке өндіріп алу 2 млрд. теңгені құрайды, әрине бұл жоғарыда көрсетілген Қаржы министрлігінің  берген жауабына сәйкес келеді.
«Ақ жолдың» көшбасшысының пайымдауынша, жасанды (2-ден 63 млрд.-ға дейінгі) «асыра айтылған» сандар жалған кәсіпкерлікті жою жөніндегі пікір талас шеңберінде қоғамның санасына әсер ету мақсатында болып отыр.
«Бұл туралы кездейсоқ айтып тұрғаным жоқ. Бюджеттік табыстың құлдырауының себептерін бағалаудағы әдістемелік қателіктер, оны қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды анықтауды да осындай қателіктерге әкеледі. Мәселен, кірістің экономикасын - айыппұлдардың экономикасына алмастыру және бизнеске құқықсыз қысым болып жатыр» - деп қорытындылады ол.