Егер бюджеттік қаражат игерілсе, онда ол бір жерден – жаңа өнеркәсіп түрінде ме немесе басқа оффшорлық аймақтардан шығуы тиіс қой – Азат Перуашев
31 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Егер бюджеттік қаражат бөлінсе және игерілсе, онда ол бір жерден – жаңа өнеркәсіп және жұмыс орындары түрінде ме, немесе басқа оффшорлық аймақтардан шығуы тиіс қой. Бұл заттарды сақтаудың заңдылығы – Азат Перуашев а.ж. 30 мамырында Палата отырысындағы үкіметтің есебін талқылау барысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды сынға алды.
Сөйлеген сөзінде есепте көрсетілген мәліметтер келтірілген болатын, соған сәйкес 2012 жылғы игерілмеген қаржының жалпы сомасы 90 млрд. теңгені құрады, 142, 9 милрд. теңге заңнаманы бұзушылықтарымен пайдаланылған, 219, 1 млрд. тиiмсіз пайдаланылған.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шығындары 2012 жылы жалпы көлемінің 23,2 % (1108 млрд. теңге) құрады. 2012 жылы ҮИИДМБ іс шараларын жүзеге асыруға бюджеттік шығыстардың барлығынан 842 млрд. теңге немесе 13,9 % бөлінген болатын.
«Осындай аса қомақты шығындар бара-бар нәтиже беруі тиіс сияқты. Бірақ біз тура кері нәтижені көріп тұрмыз, - дейді «Ақ жолдың» көшбасшысы. – 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 3 % артық төмендеген, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі – тура 7 % түсіп кеткен. Бюджеттен барлық триллиондаған шығындардың өзінде, өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі 2010 жылғы деңгейде қалып қалған. Өңдеуші өнеркәсіп жұмыс орындарының саны да өзгермеген».
Азат Перуашев Есеп комитетінің экономиканы жаңғыртуға бағытталған қаражат, оның әртараптандырылуына әсерін тигізбеген деген біржақты тұжырымына әріптестерінің назарын аударды: мысалы, Жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасына 2012 жылы көптеген миллиардтардың құйылғанына қарамастан жұмыссыздардың саны 32,4 мың адамға өскені көрсетіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп болып тұр, сонда, бұл бағдарлама да, ҮИИДМБ сияқты болып, кері әсер береді: 90 млрд. теңгеге шенеуніктерді ауқаттандырдық, ал жұмыссыздар саны болса тек өсіп келеді.
Қазақстандық демократтар көшбасшысының пайымдауынша, бюджетті орындаудың тиімділігін бағалауды, қаржылық қаражаттарды игерудің деңгейі бойынша жүргізу жалғастырылуда. «Есеп-қисап жағынан қарағанда барлығы да сонша жаман емес: қаржылар игерілуде, есептер жіберіліп жатыр. Бірақ осы шығындардың экономикаға, бизнес жағдайларына және қарапайым адамдардың өміріне әсері – ең төменде қалып тұр» - деп атап көрсетті А.Перуашев.
Кез келген экономикалық өсудің негізі, ең әуелі нақты сектордың деңгейін дамытуда жатыр.
Осыларды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ағымдағы режімдегі бағдарламалардың мақсатты көрсеткіштерінің жетістігін Үкіметтің қызметінің тиімділігінің негізгі бағасы деп анықтауды талап етеді. Мысалға, ҮИИДМБ өңдеуші өнеркәсіптердің ЖІӨ үлесін арттыруды тек 2015 жылға (12,5 % кем емес) емес, әрі оның нақты жыл сайынғы өсуін (мысалға – 2,5 %) қарастыру қажет.
«Үкіметпен бюджетті орындау тиімділігін дәл осы экономикалық өсудің қарқынымен және нақты секторларды кеңейту бойынша жеткен жетістіктерімен бағалау жүргізілуі тиіс. Индикаторлармен екі жыл қатарынан орындалмаған бағдарламалар, мағынасыз шығындарға жол бермеу үшін жабылуы керек, ал олардың әкімшілері жауапкершілікке тартылуы тиіс» - деп есептейді «ақжолдықтар».