04
Мамыр

Санат жоқ 04.05.2013

«Ақ жол» партиясы ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған ұланғайыр жеріміздің бір пұшпағының - небәрі 10 сотық жер телімінің әрбір қарапайым қазақстандыққа бұйырмауын әділетсіздік деп санап, олардың құқықтарын қорғайтынын мәлімдеді

4 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Жеке меншiктегі жердi алып қою, жеке меншiктiң конституциялық құқығын бұзу болып табылады және рейдерлiк және сыбайлас жемқорлық үшiн табыс көзі болады – бұл туралы «Ақ жол» депутаттары өткен сенбiде жер қатынастарын реттеу бойынша заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді. Іс шараға Өңірлік даму бiрiншi вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің  төрағасы Қадырхан Отаров,  Мәжiлiс депутаттары, Фермерлер одағының, «Атамекен» ҰЭП жетекшілері, кәсiпкерлер қатысты. Фракцияның кешенді тұжырымдамалық ұсыныстарын  Екатерина Никитинская баяндады.
Мәселен, заң жобасымен пайдаланылмай жатқан жердi соттан тыс алу қарастырылған. «Ұсынылған тетiк жалданған жер телімдері үшiн жарайды. Бірақ жеке меншiктегі жер телімдері үшін жай ғана тартып алу емес, нарықтық тетiктерді қолдану қажет. Егер жер телімін пайдаланбай ұстау тиiмсiз болса,  меншік иесiнің өзі-ақ одан бас тартады немесе пайдалануды бастайды», – деп есептейді депутат Никитинская, - Мұндай жер телімдерін меншiк құқығымен санаспай тартып алу,  яғни сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туғызу болып табылады. Осыған байланысты «Ақ жолдың» көшбасшысы Қостанай облысындағы жер комитетiнің жергiлiктi бөлiмшелерiмен жердi заңсыз тартып алғандары, сондай-ақ жуырдағы жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасының сыбайлас жемқорлық үшін сотталғаны туралы нақты мысалдарды келтірдi: «Жаңа өкілеттіліктер мен  жаңа алдандыруларды құрғаннан бұрын, ең дұрысы бұрыннан келе жатқан проблемаларды тәртiпке келтіріп алған жөн емес пе» - деп қосты ол.
Алмас Тұртаев азаматтардың 10 сотық тегін жер телімін алу құқығын қорғауда  фракцияныңдепутаттық сауалы туралы еске салды, көрсетiлген заң жобасында үкiмет одан бас тартуға ұсынған. Жер комитетiнің берген түсiніктемесі демократтарды иландырмады.
 - 10 сотыққа құқық – бұл азаматтардың баспанаға ие болу құқығы. Сіздер сілтеме жасап отырған «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы бұл мәселені шешпейді. Кеше ғана оннан астам азаматты қабылдадым, олардың барлығы да баспана проблемаларымен келген. Қатардағы азаматтардың көбі мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен несие алу үшін 3-5 миллион жинай алмайды... Сондықтан көптеген біздің отандастарымыз бұл бағдарламадан сырт қалып отыр – деді Азат Перуашев. - Қалалардағы 10 сотықты беруден бас тарта отырып, сiздер азаматтардың тұратын жерін еркiн таңдаудағы конституциялық құқығына нұқсан келтіресіздер.
            Бірақ адамдардың ауылдық жерден дамыған орталыққа көшуіне ешкімнің де кедергі келтіруге қақысы жоқ, олардың бұрынғы өмірінен де жақсы өмір сүруіне тыйым салуға ешкім құқылы емес. Бұл  жастардың әлеуметтiк сатыларға көтерілу, өмiрлік перспективаларының мәселесі де емес пе. Сiздер адамдарды ауылдарда ұстап қалғыларыңыз келеді, бірақ жаhандық экономикалық урбанизация процесiн ешқандай заңдармен тоқтату мүмкiн емес қой.
Дамыған елдерде ауылдық жерлерде тұрғындардың 15-30% тұрады, олар қалада тұратын қалған 70-80 % халықты аграрлық технологиялар есебінен азық-түліктермен қамтамасыз етеді.  Ал бізде ауылдық жерде 45%, яғни ең кем дегенде олардың үштен бірі тағы да қалаларға ауысады. Бұл үдеріспен күресу – желге қарсы желкенмен жүзумен бірдей. Ал сіздер оларды алдын ала баспанасы жоқ пақырлардың қатарына қосып, баспана проблемасын шешу мүмкіндігінсіз қалдыратын боласыздар.
Тек, ауылдарда жұмыс орындарын құру арқылы ғана қоныс аударуды тоқтатуға болады. Адамдар қалаларға қызық үшін емес, жұмыс үшін көшіп жатыр. Өңірлік министрлік 10 сотыққа тыйым салғанның орнына, ауылдық жерлерде жұмыс орындарын дамыту бағдарламасын неге қабылдамайды? Әсiресе қазiргі зейнетақы реформасының аясында? Есесіне бүгін қаржы министрлігі ауыл шаруашылығы үшiн салық бойынша жеңiлдiктердi алып тастауды ұсынып отыр. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының нақты тетiктері жоқ және бүркемелi жұмыссыздық жаңғыртады. Ал жүздеген және мыңдаған жұмыс орындары бар кәсіпорындар қолдаусыз қала береді. Сонда кім ауылды асырайтын болады, жұмыс орындарын құрады? – деп ашынды «Ақ жолдың» көшбасшысы. – Келіңіздер, мұндай жер сияқты өзекті мәселелерді жалпы экономикалық контекстен жұлып алмай, жұмыспен қамтумен кешенді түрде қарайық, - деп қосты ол.
 «Ақ жол» ҚДП ОК хатшысы Сәбит Байдалы жер мәселесінің бастауында Алаш қайраткерлерінің тұрғанына, олардың бұл мәселені сонау 1905 жылы тарихтан белгілі Қарқаралы петициясында көтергеніне, 1917 жылы олар өздері құрған «Алаш» партиясының бағдарламасына: «жер үлесін патша заманында ата қонысынан айырылған жергілікті халық алу керек»... деп жазып, қазақ халқының ең басты мәселесінің бірі ретінде енгізгеніне назар аударды.  Сондай-ақ ол ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша шайқасып, жандарын беріп, бізге асыл да киелі мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жеріміздің (аумағы жағынан дүниежүзі бойынша 9-ыншы орындамыз) әрбір қазақстандыққа бір пұшпағының (еліміздегі жердің кең көлеміне шаққанда тұрғындардың саны өте аз) – небәрі 10 сотық жер телімінің бұйырмауын әділетсіздік деп санайтынын жеткізіп, атқарушы органдар өкілдерін «Ақ жол» партиясының ұсыныстарын қолдап, қарапайым отандастарымыздың құқықтарын қорғауға шақырды.
Партия төрағасы Азат Перуашев «Біздің халқымыздың тарихындағы алғашқы толыққанды саяси партия - «Алаштың» халықтың тағдыры үшін аса өзекті жер проблемаларын батыл көтергеніне тоқталып, бұл мәселенің экономикалық және әлеуметтік қана емес, әрі саяси мәселе екенін айтты. Сол себепті де оны таза және адал шешу керек деді.
Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пікірталас барысында «Ақ жол» депутаттарының осы заң жобасы бойынша бірқатар ұсыныстарын мәжілістің жұмыс тобының қолдағанын атап өтті. Заң дайындаушылар да әр тармақ бойынша дәйектерді зерттеп, қалған мәселелерді талқылауға дайын.
«Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев конференцияны қорытындылай келе министрлік және комитет басшыларына заң жобасымен бірлесе жүргізілген  жұмысқа және болған әңгіме үшін алғысын білдірді, бірақ  айтылған 5 мәселе бойынша, 10 сотықты, жеке меншіктегі жерді алу және бірқатар басқа мәселелерді қоса алғанда, фракция өз ұстанымын қорғайтын болады деп ескертті.

«Ақ жол» ҚДП қатардағы қазақстандықтардың және өзінің сайлаушыларының мүдделерін қорғауда жұмысын жалғастыра береді.