«Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев екі елдің казақстандық - венгерлік Сауда үйінің ашылуына және Iскерлiк кеңес отырысына қатысты
22 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Іс-шара Венгрияның халықаралық қаржы институттарымен байланыс бойынша министрі Михайл Варганың, кеңестің тең төрағалары – KazEnerdgy ассоциациясының төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсеновтің, Моl Hungary компаниясының бас директоры Шандор Фашимонның, сондай-ақ, Венгрия және Қазақстанның өкілетті бизнес делегациясының қатысуымен өтті.
Іскерлік кеңес отырысы барысында мұнайгаз саласында, машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм және медицинадағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Келісімге қол қойылды. Бастау алған жобалардың ішінде – Қазақстанның батыс аймағындағы бірлескен өңдірістік кәсіпорындар бар.