16
Мамыр

Санат жоқ 16.05.2013

ҚДП «Ақ жол» фракциясы: кәсіпорынның оңалту және банкротқа ұшырауы міндеттерін салық комитетіне беруге болмайды

16 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Оңалту және банкроттау рәсімдерін бақылау жөніндегі уәкілетті орган қызметін (қазіргі уақытта бұл дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi) Салық комитетіне беруге болмайды, ол Өңірлік даму министрлігінің қарамағында болу керек, -  бұл туралы Нұрлан Жазылбеков ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке  жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
Мұндай ұстанымын «ақжолдықтар» салық органы кредитор (яғни мүдделі тарап) болып табылады,  банкроттық рәсімдеріндегі жағдайдың 100 пайызы және, сонымен қатар 90 % астам шаруашылық субъектілерді банкроттау нақты салық органдарының бастамасымен жүргізілетінімен негіздейді. Салық органдарынан небәрі 150 АЕК (259 650 теңге) қарызы бар кәсіпорындарға банкроттық рәсімдеріне бастамашылық мүмкіндіктерін ұсынылады, ал басқа кредиторлар үшін бұл сома 1000 АЕК (1 731 000 теңге) құрайды.  
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мәжілістегі «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасымен оңалту және банкроттық саласында уәкілетті органның оңалту және банкроттық рәсімдерін басқарушыларды тағайындау, басқа кредиторлардың шешімдерімен дауласу және шектеу, басқарушының қызметіне баға беру, басқарушыны тексеру, оған жаза тағайындаудың теңдесі жоқ құқығына ие болады. Бұл тиісінше басқа кредиторлардың құқығына нұқсан келтіреді, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайды.
            Фракция депутаттары бұл басқа кредиторлардың құқықтарына қысым жасауға әкеліп соқтырып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатынына  сенімді. Мысал ретінде халықаралық тәжірибе келтіріледі, банкроттық жөніндегі уәкілетті орган, қызметі кәсіпкерлікті қолдау және экономиканы дамытуға бағытталған меморганның құрылымына кіреді. Бірқатар елдерде бұл қызмет тәуелсіз орган болып құрылған, банкроттық жөніндегі мемлекеттік орган (KFM) Салық жөніндегі ұлттық комитеттің жанынан құрылған, Швецияның өзінде, Комитеттің KFM қандай жағдайда өз қызметін атқарып отырғанына араласуға құқығы жоқ.
            Сонымен қатар, сауалда Дүниежүзiлiк Банктiң сарапшыларының бұндай келешекке теріс көзқарасы аталған. Олардың ойынша, бұл Қазақстанда бизнес жүргізудің шарттарына теріс әсер етеді және соған сәйкес «Doing bussiness» рейтінгіндегі Қазақстанның ұстанымын әлсіретуге әкеледі, инвестициялық ахуалды нашарлатады, сонысымен бұл көрсеткіштерді жақсарту бойынша Үкіметтің атқарған жұмысының барлығын жоққа шығарады.
Осыған байланысты, оңалту және банкроттау жөніндегі уәкілетті органның қызметін жуырда құрылған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне беру барынша тиімді деп есептейді «Ақ жол» фракциясының депутаттары, себебі тап соның қызметі еліміздің барлық аймақтарындағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы кәсіпкерлерді қорғау және партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.