2026
жылғы 27 сәуір күні «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының
саяси кеңес отырысы өтті.
Іс-шараға
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев,облыстық саяси кеңес мүшелері,
облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, партия белсенділері қатысты.
Отырысты
облыстық филиал төрағасы Е.Юсупов ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге
тоқталды. Жиын барысында облыстық филиалдың ағымдағы жұмысы мен алдағы кезеңге
арналған міндеттері қаралды. Партияның өңірдегі қызметін жетілдіру, халықпен
кері байланысты күшейту және сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бағытындағы
жұмыстар талқыланды.
Сонымен
қатар, мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Депутаттар сайлаушылармен жүргізілген кездесулер, көтерілген мәселелер және
олардың шешілу барысы жөнінде ақпарат берді.
Күн
тәртібінде партиялық тәртіп пен ішкі ұйымдық жұмысты күшейту мәселесі де
қаралды. Бұл бағытта партия мүшелерінің белсенділігін арттыру, мүшелік
жауапкершілікті күшейту және бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру
бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Отырыс
барысында партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, оларға партиялық билеттер
салтанатты түрде табысталды.
Жиын
қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер
белгіленді.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
