09
Қантар

Мәжіліс депутаты С. Ерубаев «ҚазТрансОйл» жұмысымен танысты

2026 жылғы 9 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Ерубаев жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-да болып, кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма басшысы Е. Сүйіндіков, «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалының төрағасы Е. Юсупов, сондай-ақ басқарма қызметкерлері мен жұмысшылары қатысты.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты С. Ерубаев өткен жыл ішінде атқарылған депутаттық қызметтің негізгі бағыттары мен қабылданған заң жобалары жөнінде қысқаша ақпарат беріп, ел дамуына бағытталған бастамалар туралы айтты. Сонымен қатар, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында депутат басқарма басшысы Серік Сәрсенұлының өндірісті дамытудағы еңбегін атап өтіп, көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу аяқталғаннан кейін С. Ерубаев қала сыртындағы 5 шақырым қашықтықта орналасқан Т. Қасымова атындағы «Уральское шоссе» мұнай айдау стансасына барып, мұнай құбырларының жұмысымен танысты. Онда өндірістік үдеріс, техникалық қауіпсіздік талаптары мен инфрақұрылымның жай-күйі туралы мәлімет алды.