21
Мамыр

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Әділет министрлігінің өкіліне нотариаттық қызметті жоспарлы тексеру қалай жүзеге асырылатыны және оның нотариустарға қалай әсер ететіні жөнінде сұрақ қойды

Мен заң жобасын қолдаймын және әріптестерім де оны қолдауға шақырамын. Сонымен қатар, келесіні
түсіндіруді сұраймын.

Заң жобасы нотариаттық қызметті кәсіпкерлік кодексті реттеу саласынан алып тастайды және тиісті нормаларды «Нотариат туралы» Заңға ауыстырады.

Бұл ретте мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және нотариаттық палаталарға қатысты тексерулер жүргізу үшін негіздер кеңейтіледі.

Егер Кәсіпкерлік кодекс профилактикалық бақылаудың басымдығын белгілесе, онда заң жобасында ұсынылған баптарда бақылаудың профилактикалық сипаттағы қағидаты бекітілмеген, айқындау мен ден қоюға баса назар аударылған.

Осыған байланысты менің сұрағым.

Қандай жағдайларда жоспарлы тексерулер қолданылады және қандай жоспардан тыс тексерулер қолданылады?

Мұндай тәсіл іс жүзінде әділет органдары тарапынан нотариустарға әкімшілік қысымның күшеюіне әкеп
соқтырмай ма?

Және осы тексерулерді жүргізу үшін әділет органдарында штаттары жеткілікті ме?