28
Сәуір

Мәжіліс депутаты С.Ерубаев «Тәжірибе кеңістігінде – жаңа ұрпақ тәрбиесі» аймақтық деңгейдегі кәсіби іс-шараға қатысты

2026 жылдың 27 сәуір күні Атырау қаласында «Тәжірибе кеңістігінде – жаңа ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында аймақтық кәсіби іс-шара өтті.

Шара аясында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағыттары кеңінен қарастырылды.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев қатысып, сөз сөйлеп, тәрбие мен білім беру ісіндегі маңызды бастамаларға тоқталды.

Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Іс-шара нәтижесінде алдағы бірлескен жұмыстардың бағыты айқындалды.