05
Қантар

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева «Alatau City Bank» Ақтөбе филиалына жұмыс іс сапарымен барды

2026 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дәния Еспаева Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Alatau City Bank» АҚ Ақтөбе филиалының ұжымымен кездесу өткізді.

 

Кездесудің басты мақсаты – Мәжілістің 2025 жылғы сессиясында қабылданған маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ банктік сектордағы реформалар туралы ақпарат беру болды.

Кездесу барысында Дәния Еспаева қаржы саласын реформалауға бағытталған заңнамалық өзгерістерді төмендегі негізгі бағыттар бойынша түсіндірді:

       Банк қызметін тепе-тең реттеуді енгізу;

       Исламдық банкингті дамыту;

  Қаржылық-технологиялық секторды дамыту және цифрлық қаржы активтерін реттеу;

  Іс-қимылды қадағалаудың тәуекелге бағдарланған жүйесін енгізу;

    Төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу;

       Банктерді реттеуді жетілдіру.

Сонымен қатар, кездесу барысында Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер кеңінен талқыланды.

 

Кездесу ашық форматта өтіп, банк қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.