4 қазан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Алматы облысы, Жамбыл ауданының “Көкбастау” ипподром алаңында қазақтың көрнекті композиторы,
дирижер, ҚСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған
салтанатты шара өтті.
Мерейтой аясында ауыл тұрғындарының қатысуымен мәдени - көпшілік іс шаралар
ұйымдастырылып, Нұрғиса атамыздың шығармашылығына арналған концерттік
бағдарламалар мен естелік кездесулер өтті. Осы шараға Астанадан ҚР Парламент
Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол”
демпартиясының төраға орынбасары, ақын, С.Есенин сыйлығының лауреаты Қазбек Иса
ағамыз қатысып сөз сөйлеп композитордың өнердегі ұлттық рухты көтерудегі рөлін
ерекше атап өті. Осы тойға орай өткен сәйгүліктер бәйгесінің жеңімпаздарын
марапаттады.
Мерей тойға Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы
Шынасылова.М және Алматы облысы Іле ауданы маслихат депутаты Ботабеков О.Т да
қатысты.
Шара барысында Н.Тілендиевтің мол мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, есімін
ұлықтау, 500 ден аса жазып кеткен шығармаларын дәріптеу мәселелері қозғалды.



