«Нұрлы жол» бағдарламасы - мемлекет басшысының көпжылдық саясатының жемісі - Казак унi (Алматы)
«Нұрлы жол» бағдарламасын Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүргізіп келе жатқан қажырлы көпжылдық саясатының контексінде қарау қажет. Бүл жөнінде өткен бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Өзінің сөзінде ол «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және осы бағдарламаның орындалуы үшін Президент Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмалары бойынша партияның ұстанымдары туралы айтты.
«Бұл бағдарламаны бағалағанда комментаторлар кей кезде бір ұшқарылықтан екінші ұшқарылыққа ұрынып жатады: оны маңызды, бірақ бір мәртелік, кезендік міндет деп, ал енді бірде өте жеткілікті, өте бағалы құжат деп абсолюттікке шығарып, дәріптеп қарастырады — деп атап өтті «Ақ жол» көшбасшысы.
— «Егер Президенттің жыл сайынғы барлық Жолдауларын, оның бағдарламалық сөздерін, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын, одан кейінгі Стартегия-2050-ді; үдемелі индустрияландыру бағдарламасын, «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын зерттеп қарасақ, онда елді мақсаткерлікпен жүйелі түрде өркендету бағыты айқын көрінеді».
«Бұл мағынасында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты - өте ауқымды, кешенді бағдарлама, бірақ бәрібір де өнімді экономиканың сыртқы стрестеріне шыдамды және заманауи білімді тұрғындары бар мықты және алдыңғы қатарлы мемлекет құрылысы бойынша Ұлт көшбасшысының ғаламдық іс-қимыл жоспарының құрамдас міндеті болып табылады. Бұл мағынада, Бағдарлама бүгінгі күн үшін өте өзекті, дағдарысқа қарсы бірқатар іс-шараларды қарастырады. Бірақ сыртқы дағдарыстар мен біздің табалдырығымызда тұрған дауылдар келеді және кетеді, ал халық, мемлекет, құрылған экономика — қалады», - деп санайды «Ақ жол» партиясы.
Сондықтан Жаңа экономикалық саясаттың базалық бағыттары — экономиканың нақты секторы, ұқыпты бюджеттік саясат, аграрлық-өнеркәсіптік кешен, бұқаралық жеке кәсіпкерлік, орнықты қаржы секторы — бұлар да бірмәртелік міндет ретінде қарастырылмауы тиіс. Олар мемлекеттік және экономикалық құрылыстың жалпы құрамында табиғи түрде түйісуі және уақыт талаптарына сай жаңа сапаны дамытуы тиіс. «Осылайша, біз «Нұрлы жол» бағдарламасын мемлекеттік, экономикалық, кеңінен алғанда, тұтастай ұлттық дамуды тек қана жаһандық қауіп-қатерлерге ыңғайламай, ондай қауіп-қатерлердің алдын алатын жаңа сапалы деңгейге жеткізудің жолы деп тануды ұсынамыз, - деп атап өтті Перуашев. - Біздің бәріміз Жаңа экономикалық саясаттың осындай феноменіне куәміз, оны Н.Назарбаев әдеттегіден 3-4 ай бұрын мәлімдеп, жыл сайынғы жолдауында жариялады. Дәл осы мерзімде үкімет бюджеттік саясатқа қажетті өзгерістер жасап үлгерді, оны Мәжіліс кеше сыртқы экономикалық қатерлерге жауап ретінде қабылдады».
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 10 (669), 10.03.2015