7 қазан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Бұған дейін «Ақ жол» партиясының өкілдері Нұртас шағынауданы тұрғындарымен
кездесіп, балалар ойнайтын алаңның жоқтығы мәселесін көтерген болатын.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттық сауал жолданып, тиісті басқармалар
тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі таңда тұрғындардың көптен күткен балалар ойын алаңының құрылысы
басталды.
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай
Кенжебайұлы нысанның қазіргі жағдайымен танысып, құрылыс барысын барып көріп
қайтты.

