20
Наурыз

Қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділдің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді

20 наурыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

20 наурыз күні “Ақ жол” партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы Парламентте халық жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділдің 90жылдық мерейтойын абыроймен атап өтуге сауалды қолдау мақсатында, партиямыздың Жастар кеңесі мүшелері тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалының төраға орынбасары, Қабдеш Жұмаділдің ұлы Арман Қабдешұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арман Қабдешұлы жастарға әкесінің өмірбаяны, шығармашылығы мен қоғамдық өмірімен таңыстырды. Жастар кеңесінің мүшелері қаламгердің «Қаздар қайтып барады», «Саржайлау», «Шарайна», «Сайгүліктер», «Көейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр»,  «Дарабоз», «Қылкөпір»,  «Таңғажайып дүние» атты қазақ әдебиетінің алтын қорына еңген шығармашылығымен танысты.

Кездесудің нәтижесі бойынша “Ақ жол” демпартиясының Жастар кеңесі Қабдеш Жұмаділдің 90жылдық мерейтойын насихаттау мақсатында Арман Қабдешұлы берген ақпаратты өнірлердегі ірі Жоғарғы оқу орындарда студенттерге таратуды ұсынды, себебі, жастардың парызы - бұл аға ұрпақтың істеген ерліктерін ұмытпау және рухани жауапкершілік.

“Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын”.