24 маусым 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылғы 24 маусымда «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы
Олжас Нұралдинов GLP Capital Partners корпорациясының құрамына кіретін,
капиталы 750 миллион доллардан асатын инвестициялық басқару, логистика,
жылжымайтын мүлік және қаржы саласындағы әлемдік көшбасшы Hiden Hill Capital
(ҚХР) басқарушы компаниясымен іскерлік кездесу өткізді. Hiden Hill Capital портфолиосында:
«Li and Fung», «Geely», «Farizon Auto», «Libiao Robotics» сияқты компаниялар
бар.
Дөңгелек үстелде Олжас Нұралдинов HH Capital компаниясының тең құрылтайшысы
Йегуо Лиді мегаполистің және жалпы еліміздің бизнес ортасымен таныстырды. Ол
Қазақстанның инвестициялық саясаты мен Қазақстан Республикасы Мәжілісіндегі «Ақ
жол» ҚДП-ның заңнамалық қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ,
ол отандық кәсіпкерлерден құралған қазақстандық делегацияны Қытай делегациясын
таныстырды:
- Оксана Сорокина, Aлматы қалалық филиалының кеңесінің мүшесі, «7R
logistics» ЖШС директоры;
- Бағлан Тәжеден, кәсіпкер;
- Бақыт Тілектес, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму альянсы
халықаралық коммуникациялар жөніндегі директоры;
- Дмитрий Чернышев, “Space Detox”
емдік және дәруменді су брендімен «Nagatoshi Project» негізін қалаушы
және директоры;
- Малика Шуматова, «HotKeyGroup» жобасының жетекшісі;
- Әмір Ерденбеков, «Nova group»;
- Асхат, IT және AI маманы;
- Алан Омаров «Kagazy recycling KZ» менеджері;
- Тимур Печенкин «Rizaherb» брендінің негізін қалаушы.
Ресми кездесуден кейін қонақтарға заманауи технологиялар мен жасанды
интеллект арқылы балалар мен жастарды футбол дағдыларына үйрететін FootLab
заманауи футбол зертханасымен таныстыру экскурсиясы өтті.
Йегуо Ли өз сөзінде Қазақстандағы келешегі зор жобаларға, атап айтқанда
логистика және жобалық инвестиция салаларына тоқталды. Өз кезегінде Олжас
Елтайұлы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге қолдау көрсетіп, дайын екенін
жеткізді.

