23
Наурыз

Олжас Нұралдинов көшбастаған ұжымы ағаш отырғызу науқанына қатысты

23 наурыз 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

“Тазалық - денсаулық негізі,

Денсаулық - байлық негізі”.

2025 жылы 23 наурыз күні “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиал ұжымы «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Жетысу ауданындағы Көкмайса скверде «Almaty Clean&Green» жалпықалалық тазалық акциясына қатысты. Бұл шара Наурыз мейрамы аясында тойланатын Тазару күні тазалық күніне орайластырылып отыр.

Алматы қалалық филиал басшысы Олжас Нұралдинов көшбастаған ұжымы ағаш отырғызу науқанына қатысты. Жалпы Көкмайса саябағында 500 астам ағаш отырғызылды және саябақ қоқыстан тазартылды.

“Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалы қазақстандықтарды “Таза Қазақстан” науқанына қатысуға шақырады және келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтайды.