Өскемен
қаласында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының өкілі Олжас Нұралдинов Шығыс
Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесті.
Кездесу
барысында тараптар жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін, өңірге инвестиция
тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Шығыс
Қазақстанның туристік әлеуеті мен облыс экономикасына қосымша серпін бере
алатын инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылды.
Атап
айтқанда, Катонқарағай ауданында және Зайсан қаласында әуежай салу жобалары сөз
болды. Бұл бастамалар туризмді, логистиканы және іскерлік белсенділікті
дамытудағы маңызды өсу нүктелері ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар олар
шалғай аумақтардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етпек.
Шығыс
Қазақстан облысының әкімі бизнес өкілдерімен және депутаттық корпуспен ашық әрі
тұрақты ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
Біз
тұрақты негізде ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Егер өңір кәсіпкерлерінен
партияға өтініштер түссе, өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз, –
деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өз
кезегінде Олжас Нұралдинов бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдіріп, өңірді
дамыту мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мәселелердің парламент деңгейінде де
жүйелі түрде ілгерілетілетінін атап өтті.
Кездесу
қорытындысында тараптар Шығыс Қазақстанды дамытудың негізгі бағыттары бойынша
өзара ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.