27 қыркүйек 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Алматы облысы, Қонаев қаласының 55 жылдығы атап өтілді. Атаулы іс-шараға
Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы Шынасылова М., облыстық
мәслихат депутаты, “Ақ жол” партиясынан сайланған депутат Горяной С. В., Іле
ауданы мәслихатына “Ақ жол” демпартиясынан сайланған депутат Әлімбаев Ж.
құрметті қонақ ретінде Қонаев қаласының әкімдігі шақырды.
Биыл біз өңіріміздің тарихындағы маңызды белесті – Алматы облысының
әкімшілік орталығы Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойын атап өтуде.
1970 жылғы 9 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен
Алматы облысы Іле ауданы Новоилийск кенті облыстық маңызы бар қалалар санатына
енгізіліп, оған Қапшағай атауы берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №885 Жарлығымен
Алматы облысындағы Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып қайта аталды.
Ал 2022 жылғы 8 маусымдағы №932 Жарлыққа сәйкес Қонаев қаласы ресми түрде
Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін иеленді.
Бүгінгі таңда қала қарқынды дамып келеді. Экономика нығайып, инфрақұрылым
заманауи талаптарға сәйкес жаңғыртылуда, әлеуметтік және мәдени салалар
өркендеп, білім беру жүйесі жетілдірілуде.
Қазіргі Қонаев – Алматы агломерациясының маңызды орталығы, инвестиция мен
туризм үшін қолайлы, инновациялық даму мен жарқын болашақтың қаласы. Мұнда ірі
өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді, туризм саласы мен
ойын-сауық индустриясы белсенді дамуда.
Даму бас жоспарына сәйкес, алдағы перспективада Қонаев қаласы барлық
заманауи стандарттарға сай кеңейіп, жаңаша түрленетін болады:
Инфрақұрылым дамиды, тұрғын үй алаптары кеңейтіледі;
Жаңа әлеуметтік және мәдени нысандар бой көтереді;
Инвестиция мен туризм үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Қонаев – болашағы жарқын, қарқынды дамып келе жатқан қала!

