11 сәуір 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Жуырда Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және
жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде — «Стелла» ауданындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін
иеліктен шығару туралы мәселе қаралды. Жер қатынастары бөлімі ұсынған
келісімшарт жобасы комиссия мүшелері тарапынан қайта қаралып, бірнеше себепке
байланысты мақұлданбады.
Комиссия шешімі:
Бағаланған құнының жоғары болуы және орнына ұсынылған жер учаскесінің тең
бағалы болмауына байланысты келісім жобасына келісуден бас тарту туралы шешім
қабылданды.
Отырысқа “Ақ жол” демократиялық партиясының депутаты Константин Свешников
қатысты. Ол өз сөзінде қабылданатын әрбір шешім ашық, әділ және халық мүддесіне
сай болуы керектігін атап өтті.
Мәслихат заңға және әділдікке сүйене отырып, тұрғындардың мүддесін қорғауды
жалғастырады.