14
Қараша

Орал қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

14 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Оған ҚДП «Ақ жол» БҚОФ төрағасының орынбасары, Қоғамдық кеңес мүшесі Туркина Айгүл қатысты.

Кеңес барысында  Айгуль Серікқызы екі маңызды бағыт бойынша сұрақтар мен ұсыныстарын айтты:

•        Жастар қауіпсіздігі және түнгі клубтардағы тәртіп,ойын-сауық орындарына бейнебақылау камераларын орнатып, оларды орталықтандырылған бақылау жүйесіне қосу қажеттігін атап өтті. Бұл жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

•        Мектептердегі психологиялық қауіпсіздік

Суицидтің алдын алу үшін әр мектепте нақты жұмыс істейтін жоспардың болуы, жауапты маманның белгіленуі және психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, ІТ-маман және медицина өкілдерінен тұратын жұмыс тобының құрылуы ұсынылды.

Ұсынылған шаралар қаламыздағы балалардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.