Павлодар облысында «Ақ жол» Демократиялық
партиясы аймақтық филиалының кезекті конференциясы өтті. Филиал төрағасы Рүстем
Смағұловтың жетекшілігімен ұйымдастырылған жиын оффлайн және онлайн форматтарды
біріктірген аралас тәртіпте ұйымдастырылды.
Жиынның
басты мақсаты — 2026 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласында өтетін «Ақ жол»
демократиялық партиясының XXIII съезіне аймақ атынан қатысатын өкілдерді
анықтау болды. Конференция жұмысына 15 делегат қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша қатысушылар
республикалық съезге баратын өкілдердің құрамын бір ауыздан бекітті.
Конференция қорытындысында қабылдаған
шешімдер аймақтық филиалдың алдағы съезде облыс мүддесін лайықты қорғауына және
партиялық бастамаларды бірлесе іске асыруына берік негіз болмақ.