15
Ақпан

Рахат Алтай филиал кеңсесінде қоғамдық қабылдау өткізді

15 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Алматы қалалық филиалының жаңалықтары.

2025 жылы 14 ақпан күні Алматы қалалық филиалының төраға кеңесшісі Рахат Алтай филиал кеңсесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға Абай университетінің география және экология кафедрасының профессоры, география ғылымдарының кандидаты Қастер Сарқытқан келді.

Филиал төрағасының кеңесшісі Рахат Алтай Қастер мырзамен Қытай елінің тарихы әдет ғұрпы, мемлекет аралық саясаты туралы ой бөлісті. Қастер мырза көп жыл бойы Қытай мемлекетін зерттеп жүргендіктен пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сұхбат барысында профессор “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалына «Қазақстан - Қытай білім инновациясы және интеграция менеджменті» ғылыми орталығының ашу туралы теориялық негіздемесін жолдады. Құжатта Қытайды терең тану негізінде, олардың жоғары оқу орындары мен бизнес қауымдастықтарының мүмкіндіктерін,  жетістіктерін пайдалану арқылы еліміздің білім инновациялық және интеграциялық әлеуетін арттыру жолдары көрсетілген. Рахат Алтайдың айтуы бойынша: - “Бұл іс әрекетімізге ғылыми баға беретін орталық ауадай қажет”.

Қастер Сарқытқан болашақта осы жобаны іске асыруға және дамытуға дайын екенін айтты.