«Ақ жол» фракциясы Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдайды.
Соның шеңберінде, біз кәсіпкерлік және экономика саласындағы құқық бұзушылықтар үшін сотталған азаматтарға рақымшылық жасауға қатысты өз ұсыныстармызды жолдадық.
Заң жобасын әзірлеушілермен және Қаржылық мониторинг агенттігімен осы экономикалық және кәсіпкерлік бағыттағы мәселелерді талқылау барысында, нақты практиканы жан-жақты саралап, аталған мәселелер бойынша ортақ позицияларға келдік.
Осы салаға жататын Қылмыстық кодекстің 38 бабының ішінде 12 бап бойынша қылмыстардың қоғамға қауіптілігі мен әлеуметтік зардабының жоғары болуына байланысты амнистия қолданбау, ал қалған 26 бап бойынша сотталғандарға рақымшылық жасау дұрыс деп келістік.
Құрметті әріптестер!
«Ақ жол» фракциясы Мемлекет басшысы Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жариялаған рақымшылық туралы бастаманы және осы бастаманы іске асыру мақсатында қаралып жатқан заң жобасын қолдайды.
Аталған заң жобасын талқылау барысында «Ақ
жол» демпартиясының депутаттары экономика және кәсіпкерлік қызмет саласындағы
құқық бұзушылықтар үшін сотталған азаматтарға рақымшылық жасау мәселесіне
қатысты өз ұсыныстарын енгізді.
Ұсыныстарымызды заң жобасын әзірлеушілермен және Қаржылық мониторинг агенттігімен талқылау нәтижесінде ортақ ұстанымға келдік.
Қылмыстық кодекстегі экономика және кәсіпкерлік блоктағы 38 баптың 12-сі бойынша бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мен әлеуметтік зардабының жоғары болуына байланысты рақымшылық қолданбау ұсынылды. Мәселен, оларға мыналар жатады:
- Заңсыз коллекторлық қызмет (214-2-бап), мұнда көбінесе заңсыз «қарыздарды өндіріп алу» әрекеттері озбырлықпен және күш көрсетумен байланысты болады;
- «Қолма-қол ақшаға айналдырумен» айналысатын ұйымдардың қызметі (216-бап), олар іс жүзінде сыбайлас жемқорлық схемаларының бір бөлігі болып табылады;
- Қаржы пирамидаларының қызметі (217 және 217-1-баптар), бұл жерде барлығы түсінікті деп ойлаймын;
- Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (218-бап) – сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамдас бөлігі;
- Заңсыз сыйақы алу (247-бап) – сыбайлас жемқорлық қылмысының бір түрі ретінде;
- Рейдерлік (249-бап) – бөтен бизнесті заңсыз, көп жағдайда күш қолдану арқылы тартып алу және осыған ұқсас өзге де қылмыстар.
Ал Қылмыстық кодекстің қалған 26 «экономикалық» бабы бойынша рақымшылық қолдану ұсынылады. Бұл сотталғандарды жазасын өтеуден босатуды да, жаза мерзімдерін қысқартуды да қамтиды.
Нақты мысалдарды жан-жақты талқылап, егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін осы мәселелер бойынша келісілген ортақ ұстанымға қол жеткіздік.
«Ақ жол» фракциясы Үкіметке, Бас прокуратураға және Қаржылық мониторинг агенттігіне ашықтық пен ұстанымдарымызға қатысты позицияларын кәсіби деңгейде әзірлегені үшін ризашылығын білдіреді.
Әріптестерімізді Президент бастамасын қолдап, қаралып жатқан заң жобасын қабылдауға шақырамыз. Бұл мыңдаған азаматтарымызға өз қателіктерін түсініп, қалыпты өмірге қайта оралуына, сондай-ақ мемлекетіміздің әділетті әрі адамға бағдарланған саясат ұстанатынына көз жеткізуіне мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рақмет!