18
қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиал
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат
Руслан Мырқалықов әріптестерімен бірге «QazMetanPro» жаңа автомобильдік газ
құю-компрессорлық станцияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Жаңа нысанның лентасын қала әкімі
Бақытжан Орынбеков қиып, станция жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, Тараз қаласында газ-құю
компрессорлық станциясын салу туралы мәселені қалалық мәслихаттағы
инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты
комиссияның мүшелері көтерген болатын. Ақжолдық депутат осы комиссияның мүшесі.
«Комиссия мүшелерінен құрылған жұмысшы
топ көктемде қала бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізгенімізде, қоғамдық
көліктердің жүргізушілері мен автобус парктерінің иелері осындай жаңа станция
бізде қашан ашылар екен, деп өтініш-тілектерін айтқан. Олардың шағым айтатындай
да жөні бар. Себебі, кеңестік кезеңнен қалған ескі станцияда бір автобусқа
сұйытылған газ құюға 40 минуттай уақыт кетеді екен. Жүргізушілер соңғы рейсті
аяқтап, станцияға барғанша кезек түзіледі. Кезек күтіп тұрғанша, түн ауады.
Ертесіне шала ұйқымен қайта жолға шығу керек. Ал автобуста қаншама тұрғын
қатынайды. Қанша адамның қауіпсіздігіне жауапты. Осы мәселелерді алға тартып,
газ-құю компрессорлық станция ашу туралы депутаттық сауал жолдағанбыз. Бір
жылға жетпей, нәтижесін көрдік. Жаңа станцияда газ құю небәрі 8-10 минут уақыт
алады. Бұл жоба қоғамдық көліктердің сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсетуіне
жасалған маңызды қадам», дейді Руслан Мырсапарұлы.
