5 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов қалалық мәслихаттың инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер
қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелерімен бірге экологиялық акцияға
қатысты.
Руслан Мырқалықов аталған комиссияның мүшесі. Депутаттар Тараз шаһарының
орталығындағы А. Пушкин ескерткішінің маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп,
қоқыстан тазартты.
Айта кету керек, жамбылдықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен
қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акцияны биыл да
жалғастыруда. Көктемгі үш айлық абаттандыру жұмыстарына ақжолдықтар да бір
кісідей атсалысуда.