16 қыркүйек 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының кеңсесіне Қалиев Салих Хамитович
келіп, алдағы жылы өткізілетін «Жігерлі жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандардың IV
форумын ұйымдастыру жоспарымен таныстырды. Ол форумның негізгі мақсаты –
өмірден өз орнын тауып, белгілі бір салада жетістікке жеткен ерекше азаматтарды
көпшілікке таныту және оларға жан-жақты қолдау көрсету екенін атап өтті.
Сонымен қатар, аталған жобаны жүзеге асыруда қайырымдылық аясында
атсалысуға шақырып, қолдау көрсетуін сұрады. Өз кезегінде «Ақ жол» ҚДП Шымкент
қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы бастаманың
маңыздылығын атап өтіп, қолдан келгенше көмек көрсетілетінін және бұл мәселе
партия төрағасымен кеңесілетінін жеткізді.

