10
Қантар

Сібе көлдерінде қысқы туристік маусымның ашылуына Ержан Бейсенбаев пен Меруерт Смағұлова қатысты

10 қаңтар 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Сібе көлдерінде қысқы туристік маусымның ашылуына Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев пен "Ақ жол" партиясының ШҚО филиалының төраға орынбасары Меруерт Смағұлова қатысты

Шығыс Қазақстан облысының Улан ауданындағы Шалқар көлінде қысқы туристік маусым салтанатты түрде ашылды. Бұл өңірдегі жалғыз муниципалдық жағажай енді тек жазда ғана емес, қыста да қонақтарды қарсы алады.

Мұз қатқан көл өзінің ерекше табиғи сұлулығымен әйгілі Байкал көлін еске салады.

Енді Шалқар көлі қыста келушілерге мұзда сырғанауға, шанамен сырғанап, таза ауада демалуға мүмкіндік береді.

Маусымның ашылуында концерт ұйымдастырылып, Өскемен қаласынан келген мәнерлеп сырғанаушылар әдемі мұздағы қойылым көрсетті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев қатысып, өңірдің туристік әлеуетімен танысты. Депутат Шығыс Қазақстанның тек жазда ғана емес, қыста да туристер үшін ерекше қызықты аймақ бола алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, ол өңірдің инфрақұрылымын жақсарту мен жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Бұл қадамдар аймақты қазақстандық және шетелдік туристер үшін тартымды ете түсетініне жеткізеді деді.

Сібе көлдерінің жағалауында Ержан Бейсенбаев аты әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыппен, және осы аумақта туризм саласын дамытып жүрген кәсіпкермен кездесті