17
Қараша

Сейсекүл Әбдісаттарова Дулати университетінің студенттерімен кездесу өткізді

17 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенттерімен кездесу өткізіп, мерекелерімен құттықтады.

Сейсекүл Дүйсебайқызы халықаралық деңгейде атап өтілетін Студенттер күнінің тарихына тоқталды.

«1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына жиырма бір жыл болғанын атап өту үшін шеруге шығанды, басқыншылар шеруді күшпен басып, медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды атып тастаған. 1939 жылы 15 қарашадағы Яна Оплеталды жерлеу рәсімі қайтадан наразылыққа ұласады. Шеруге шыққандардың көбі қамауға алынған. 17 қарашада гестапошылар мен эсэстер студенттік жатақханаларды қоршауға алып, 1200-ден астам студент ұсталып, Заксенхаузендегі концлагерьлерге қамалды. 1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен чехиялық студент-патриоттардың құрметіне болған Бүкіләлемдік студенттер конгресінде Халықаралық студенттер күні болып белгіленген», - дей келе Студенттер күнінің мәні мен маңызын түсіндірді.

Сондай-ақ Сейсекүл Дүйсебайқызы студенттердің сайлау және таңдау құқықтары туралы айтып өтіп, біздің елімізде жастарға көптеген мүмкіндіктер барын жеткізді. «Түрлі деңгейдегі мәслихаттардың құрамында жас депутаттардың болуы, мемлекеттік қызметке араласуы, кәсіппен айналысуы – соған дәлел», - деді Сейсекүл Әбдісаттарова.

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының Жастар кеңесі өңірдегі колледждер мен университтермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Жастар кеңесі және филиалдың бастамасымен бірлескен іс-шаралар өткізіп, белсенді қатысып тұрады.