18 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиал
Қаражал қаласы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының үйлестірушісі Сексен
Сүлейменов Қаражал қалалық ауруханасының бас дәрігері Асан Кабуловты 50 жасқа
толған мерейтойымен арнайы құттықтап, партия атынан ізгі тілектерін жеткізді.
Медицина саласының жауапты да қаһарман қызметін абыроймен атқарып, халық
денсаулығына қалтқысыз қызмет етіп жүрген бас дәрігерге зор құрмет білдіру —
қоғам алдындағы еңбекті бағалаудың бір белгісі.
Сексен Сүлейменов: "Халықтың саулығы — елдің тұрақтылығы. Осы жолда
аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарды қолдау — біздің ортақ парызымыз. Бүгінгі
мерейтой иесі Асан Кабулов — біліктілігімен, парасаттылығымен және кәсіби
жауапкершілігімен көпке үлгі тұлға," — деп атап өтті.
ҚДП “Ақ жол” қоғамның әлеуметтік саласына қолдау көрсетуді және
азаматтардың еңбегін жоғары бағалауды жалғастыра береді.
