22
Қараша

Сексен Сүлейменов көпбалалы ана Айдын Пернебаеваға қол ұшын созып, 2 бөлмелі жер үй алып беруге себепкер болды

ҚДП «Ақ жол» филиалының үйлестірушісі Сексен Сүлейменов бір отбасының тағдырын өзгертіп, қандас, көпбалалы ана Айдын Пернебаеваға қол ұшын созып, 2 бөлмелі жер үй алып беруге себепкер болды.

Бұл – тек материалдық көмек емес… Бұл – бір ананың көзіндегі үмітті қайта жаққан, балаларының болашағына сенім сыйлаған, өмірге жарық әкелген нағыз ізгілік.

Айдын Пернебаева: «Сексен аға, Сіз менің ғана емес, балаларымның да тағдырын өзгертіп бердіңіз. Бізге 2 бөлмелі жер үй алып беру – бұл жай көмек емес, бұл – бір ананың үмітін қайта жаққан, балалардың болашағын қорғаған, жүрегімізге жарық сыйлаған үлкен көмек.

Сізге және «Ақ жол»  партиясына шын жүректен алғысымды айтамын. Партияның қолдауы, халыққа деген жанашырлығы – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш пен үміт сыйлады.

«Ақ жол» партиясына тек жақсылық тілеймін! »- деп шынайы ризашвлығын жеткізді.

Бұл сөздер – жүректен шыққан ең үлкен алғыс, ең шынайы баталы сөз…

Сексен Сүлейменов: «Бір отбасының шаңырағы биіктесе – бүкіл қоғамның рухы көтеріледі. Біз жақсылықты бірге жасауымыз керек»- деді.

«Ақ жол» партиясы дәл осындай адам тағдырына араша түсетін, жүректерді жылытатын нақты істерді жалғастыра береді.